Қазақ тіліне құрмет биік
– Қасиетті Тараз қаласында туылып, сол жердегі түрік бауырластарымның тәлімін бойға жинадым. Тарихи отанымызбен сағынышпен қауышып, ол елдің сәлемін арқалай келетін үлкендердің ізін көрдім. Жаңақорғанға келін болып, он жылдан бері осы өңірдің тұрмыс-салтына қалыптасып келемін. Әуелгіде кезде қазақшаға шорқақтау едім. Бірақ, айналамдағы дос-жарандар, әріптестер, көршілеріміз қазақ отбасылары. Қазақ қоңсыларыммен туған бауырымыздай араласап тұрамын.
Меніңше, өз елін құрметтейтін, қадірлейтін адам тілді де тез меңгереді. Ал менің қазақ тілін еркін меңгеруіме араласқан ортам көмектесті. Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім. Және осы үйренгендерім бүгінде өз қажеттілігіме жарауда. Бүгінде «Заңғар» интелектуалды мектебінде ұстаздық етемін.
Мен үшін қазақ тілі тек жұмыс құралы ғана емес. Қазақ тілін білгенімнің арқасында Алаштың ақын-жазушыларының шығармаларымен ешқандай аудармасыз таныстым. Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті. Кейде қазақша сөйлеуге ұялатын, қазақ тілін менсінбейтін бауырларымызды көріп жаным ашиды.
Наргиза Ахметова: