
ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК
«Ерінбей еңбек еткеннің, жеңіске жетпегенін көрмедім» демей ме батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Айналамызға зер салып қарасақ, еңбекпен еті қатайған, кәсібіне жаңашылдық алып келіп елдің көшін ілгерілетуде өз ізін өрнектеген жандар қаншама. Өз саласында жаңа бетбұрыстарға негіз қалап, тың идея қалыптастырып...