Тайқазан тұғырына қонған күн
Шығыс күнтізбесі бойынша 12 жылдың бірі – жылан жайлылығымен ерекше. Мысалы, тоқыраудың тоңы еріп, жылымығы жайылған 1989 – Жылан жылында, әуелі берекенің басы – Наурыз оралса, осы жылдың күзінде, яғни 18-ші қыркүйек күні – қазынамыздың құты Тайқазан өзінің ежелгі тұғыры Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет...