Жуырда аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті. Мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жүктілікті болдырмау және оның алдын алу шараларын талқылау, сараптап-саралау....
Елдегі карантин режиміне байланысты шектеу щаралары күшейтілуде. Кейбір өңірлер індеттің алдын алу мақсатында карантин жүйесін қатаң бақылауға алды. Сондықтан көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар тек онлайн түрде өткізілуде. Біздің ауданның өнер ұжымы да жоспарлы шараларын онлайн бағытта ұйымдастырып,...
Қыркүйек айының басында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ауданға арнайы іс-сапармен келіп, құрылыс нысандарының сапасына мән берген еді. МАИ бекеті аумағында орналасқан 300 орындық мектеп пен Б.Байкенжеев көшесіндегі №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимаратында болып, мердігер компанияның...
1987 жылы Түгіскен клуб үйі пайдалануға берілген-ді. Арада 33 жыл өткенде руханият ордасы күрделі жөндеу көрді. Аққорғандықтардың қуанышы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай күні» шарасында көрінді....
«Өнер – жұтамас байлық, таусылмайтын азық» демекші, өмірін өнермен байланыстырған жандар арамызда бар. Олардың тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісі талай жетістіктерге жеткізіп жүр. Сондай жанның бірі – Гүлсара Бұлдырықова....
Кітапхана – құтхана. Ілім-ғылымның жаршысы. Ал кітапханашы – елді мекендердегі тұрғындарды кітап оқуға қызықтыра алатын бірден-бір зиялы тұлға. Жақында аудан басшысы Руслан Рүстемовтің фейсбукте осы турасында жариялаған жазбасынан осындай ой алдым. Сосын ауылдағы кітапханалардың ахуалын білуді мұрат тұттым....