Атақты «Сегіз аяқ»-тың сіз білмейтін сегіз сыры
1889 жылы жарқ етіп, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы – «Сегіз аяқ» атты жыр туды. Абайдың оның мазмұны мен мақсатына ерекше зер салғаны – мінсіз мүсінделген қиын ұйқасынан да, әдейі арнап ән шығаруынан да айқын еді. Мұнан бөлек, тағы бір әйдік белгі бар. Ол – ақынның атақты өлеңнің басын, яғни арнау сөзін...