№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» Жол көлік оқиғасынан келген шығынды өндіру жайлы дау тараптардың татуласуымен реттелді

Жол көлік оқиғасынан келген шығынды өндіру жайлы дау тараптардың татуласуымен реттелді

Жол көлік оқиғасынан келген шығынды өндіру жайлы дау тараптардың татуласуымен реттелді

Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі және жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін жауапты болады.

Жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға.

Жалпы қоғамдық өмірде мүдделер қақтығысы болып тұрады. Ол кезде дауды шешу қиынға соғады. Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.

Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тәртібімен немесе тараптардың өзара татуласу келісімі арқылы шешу.

Сөзімізге түрткі болып отырған мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы А., жауапкер К-ден 328 796 теңге жол көлік оқиғасы салдарынан болған материалдық шығынды өндіру жайлы талап қоюымен жүгінген.
Іс бойынша төрағалық етуші судья тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу, татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндірді.
Осылайша тараптардың өзара татуласуымен жол көлік оқиғасы салдарынан болған материалдық шығынды өндіру жайлы азаматтық іс оң шешімін тапты.
Осы жасалған келісімге сәйкес жауапкер К., талап қоюшының пайдасына 328 796 теңге көлеміндегі шығынды 2022 жылдың наурыз айының 30-нан бастап мамыр айының 30-ына дейін 3 ай көлемінде ай сайын 109 599 теңгеден төлеуге міндеттенді, өз кезегінде талап қоюшы А., талабынан бас тартты және төленген 3288 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен және өзара татуласу келісіміен мәселесін шешуге ынталы.
Мұны аудандық сот өндірісіндегі көптеген істердің бітіммен шешіліп жатқандығынан да байқауға болады.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, еңбек даулары бойынша мәселелеріне қатысты істер сотқа жетпей және сотта өз шешімін табуда.
Татуласу рәсімінің барлығы дауды шешудің жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Дала заңына сай қара қылды қақ жарған билер де жауласқан екі жақты бір мәмілеге келуге шақырып, дауды бітімгершілікпен аяқтауға тырысқан.
Дау туындаған жағдайда сот арқылы жаға жыртысудың жолын емес, моральдық және материалдық ауыртпалық келтірмейтін татуласудың мүмкіндігін қолданған анағұрлым тиімді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
---
31 наурыз 2022 ж. 160 0