№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Құжат әлеуметтік мәнге ие

Құжат әлеуметтік мәнге ие


Мемлекет басшысының жаңа Жол­дауында «Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды фак­то­ры – азаматтық мәдениетті да­мыту екенін атап көрсетті. Осыған сай Президент Әкімшілігі об­лыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл­дық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек. Гранттық қаржыландыру жүйе­сін ауылдығы үкіметтік емес ұйым­дардың сұра­нысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет. Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді» – деп атап өтті.
Ауданымызда тіркелген қорлар саны – 15. Оның біреуі Қосүйеңкі ауы­лында болса біреуі Қожакент, екеуі Қыркеңсе ауылдарында, қалғаны Жаңа­қорған кент орта­лығында тір­кел­гені. Сондай-ақ, 12 – қоғамдық бірлестік екеуі ғана ауылдық жерде тіркелген, Аққор­ған және Қыркеңсе ауылдарында. Мұнан бөлек барлық ауылдарда «Ардагерлер ұйымының Жаңа­қорған ауданы бойынша қоғам­дық бірлестігі» бастауыш ұйымдары жұмыс жасап келеді.
Президентіміз Қ.К.Тоқаев мына бір мәселеге арнайы тоқталды. «Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сон­дықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масыл­дық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүдде­сіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адам­дар кез-келген өркениетті ел­дегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар «мем­ле­кеттен ала берсем» деген көз­қарас қалыптастырды. Ал, кө­мекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағым­сыз өмір салты ұрпақ тәр­бие­сіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан, бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс». Мемлекет басшысының айтқанындай, шынын­да да масылдық пиғылда жүрген азаматтар өз арамызда кездесіп жатады. Жастарды жалқаулықтан арылып, қарым-қабілетін арттыру маңызды. Ал үлкендеріміз жастарға адал еңбекпен маңдай тері сіңген бейнеттің үлгі-өнегесін көрсеткені абзал деп ойлаймыз. Жастарымыз Ұлы Абайдың «...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұлағатты сөзін өздеріне өмірлік қағида етіп алса дейміз.

Әбілғазы Төлегенов,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
---
15 қыркүйек 2021 ж. 164 0