Озық тұсымыз қайсы, осал тұсымыз қайсы?
2021 жылдың жарты жылдығында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және алдағы міндеттері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстарды аудан әкімінің орынбасары Ердулла Сұлтанбеков саралады.
– Биылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы көрсеткендей, негізгі критерий бойынша Сыр өңіріндегі аудандар арасында 3 орынға тұрақтадық.Яғни, оң динамикамен қорытындыланды.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі – 94,6 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Жалағаш – 192, Шиелі – 177, Сырдария – 135, Қызылорда қаласы – 97, Қазалы – 94,9 пайызды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі өнімінен Сыр өңірінің көрсеткіші – 114,6, болса, Жаңақорған ауданы – 94,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіште аудандар арасында 5 орында тұр. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі, негізгі капиталға салынған инвестиция, құрылыс жұмысының (қызметтерінің) көлемі, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, бөлшек сауда көлемі жөнінен көрсеткіш 100 пайыздан жоғары көрсетіп, аудан арасындағы деңгейі жоғары екенін байқауға болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері және ондағы белсенді субъектілер саны бойынша Жаңақорған ауданы ең жоғары көрсеткішке ие. Жыл басынан түрлі қаржы көзінен 423 жобаға 1 млрд 164 млн 300 мың теңгенің қаржысы тартылды. Бөлшек сауда айналымы 2 млрд 92 млн 100 мың теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда индекс өсімі 100,9 пайызды құрады. Көтерме сауда көлемі 411 млн теңгені құрады. Салыстырмалы алғанда өткен жылдан 12 есеге артты деген сөз. Бұл – «Премиум класс-Строй» ЖШС, «ОСТ» ЖШС, «Қуат Әк» ЖШС көтерме бағада сатқан өнімдерінің артуынан және статистикалық есепке енгізілуіне байланысты артып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция 10 млрд 140 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 167,5 пайызға орындалды. Аудандар арасында салыстырмалы түрде алғанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша 2 орынды алдық, – деп аудан әкімінің орынбасары дамудың негізгі аспектілерін айтты.
Алты айдағы көрсеткіштер жыл аяғындағы негізгі индикаторға әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Сол себепті алдымызда үшінші тоқсанда кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын арттыру міндеті тұр.
– Ердулла Нұртазаұлы, сіздің хабарламаңыздан көріп отырғанымдай, 2021 жылға жоспарланған кейбір негізгі индикаторлардың орындалмау қаупі бар. Мәселен, өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі ауданның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2021 жылға межеленген жоспарды жыл соңына дейін орындауға мүмкіндік бар ма? Бұған осы салаға жауапты орынбасар Оңал Жанатұлы не дейді екен? Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін орындаудың тетігін тауып, нақты шаралар қолдану керек.
Бұдан басқа да негізгі индикаторға қол жеткізуде мына көрсеткішті жақсарту керек. Олар: етті қайта өңдеу, консервілеу, ет өнімдерін өндіру, сүт өнімдерін өндіру, нан және нан өнімін өндіру, тоқыма бұйымын өндіру, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан істелетін бұйым өндіру, резеңке және пластмасса бұйымын өндіруде жүйелі жұмыстар жетіспей тұр. Биыл электр энергиясын өндіретін станция іске қосылды. Бірақ 6 айдағы көрсеткіш 85,7 пайызға төмендеді. Неге?
Ауылшаруашылығы саласының жалпы көрсеткіші жақсы дейсіздер, бірақ, жекелеген көрсеткіштің орындалу деңгейіне мән бермейсіздер.Биылғы көрсеткіштер былтырғы қатаң карантин кезіндегіден қалайша төмен болды? Былтыр кәсіпкерліктің барлығы тоқтаған. Ал, биыл шектеу болған жоқ. Мұны қалай түсіндіресіздер?
Нан өнімдерін өндіру неге төмендейді, ауданда жаңадан бірнеше нан өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды (Хан, Ханбибі наубайханасы).
Жаңа ғана Д.Тұрсынбаев өз хабарламасында 2020 жылы грант алғанның 19-ы наубайхана және нан өнімін шығаруға қаржы алғанын айтты. Сонда қайтарымсыз қаржының қайда кетіп жатқанын кім қадағалап отыр? Осыдан-ақ байқауға болады, біздің бөлімдердің арасындағы байланыстың мүлдем жоқ екенін...
Дәл сондай жағдай: мал басы артып отырғанымен, ет пен сүт өнімін өндіру көлемінде де алшақтық бар.. Бұл статистикалық есеп тапсыруда шалағайлықтың көп екенін көрсетеді. Неге бұл жұмыстар жүйеленбейді? Неге статистика басқармасы мен жауапты бөлімдер өз жұмысын сапалы атқармайды? Бақылау қайда? Салаға жауапты орынбасар Оңал Жанатұлы, неге қадағаламайсыз?!
Бұл мәселелер неге алдымыздан шығып отыр? Өйткені экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде мониторинг жасалмайды. Бөлім басшысы А.Қасқабаев осының барлығын алдын алып, болжап, маған дер кезінде ескертіп отыруға тиіссіз. Бұл сіздің тікелей міндетіңіз. Бірақ, сізден мұндай жауапкершілікті көрмей тұрмын.
Аудан әкімінің орынбасарлары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Қасқабаев және ауданның даму бағдарламасындағы индикаторларға жауапты бөлім басшылары, жыл қорытындысында негізгі индикаторларға қол жеткізуде ұтымды жұмыс істеуді тапсырамын, – деп әкім кемшіліктердің негізгі себептерін көрсетіп, әрі нақты міндет қойды.

Қаныбек Абдуов,
Нұрлат Байгенже