Облыс әкімінің қызметіне бір жыл
2020 жылдың 29 наурызында Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Тарих парақтары үшін бір жыл тым қысқа мерзім болса да, әлемді жаулаған COVID-19 пандемиясымен күрескен жүз жылға тең -жыл десем артық болмас.
Жаңа әкім қызметіне кіріскен уақытта Қызылорда өңірі алғашқылардың қатарында қызыл аймақта болды. Жедел, дұрыс шешімдердің арқасында індетті толық жеңбесек те, біраз қиындықтарды артта қалдырдық.
Гүлшара Наушақызы әкім болған уақыттан бастап атқарылған жұмыстарға шолу жасағанды жөн көрдім. Ал, кеттік:
Кәсіпкерлік саласын дамытуға аса мән беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылы бизнесті қолдауға банктермен 20 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығымен несиелендірудің қолжетімді шарттары арқылы ауыл кәсіпкерлерінің стартап жобаларына облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 пайызға артып, жұмыспен қамтылғандар саны 96 мың адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың Жол картасының жүзеге асырылуы шағын және орта бизнестің дамуына үлкен үлес қосуда. Бағдарлама аясында былтырдан бастап өңірде 37 млрд. теңгені құрайтын 276 жоба жүзеге асырылуда.
"Жұмыспен қамтудың Жол картасы», «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары және облыстық бюджеттен барлығы 3,1 млрд. теңгеге 20 мектеп күрделі жөндеуден өтті.
Өңірде алғаш рет мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 400 келушіге арналған типтік үлгідегі қалалық емхана іске қосылды.
Облыс орталығында заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана құрылысы жүргізіліп, толықтай аяқталса, Жалағаш ауданында 100 төсек орынға арналған аурухана қолданысқа берілді
Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 10,5 млрд. теңге бөлінді. 1572 пәтерлік 76 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Айта кету керек, өткен жылы тұрғын үй салу жоспары 591 мың шаршы метр болса, бұл көрсеткішті де 609 мың шаршы метр өсіммен орындалды.
Өткен жылы Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы апатты мектеп орнына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп салынып, 300 орындық бір мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, бюджет есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынды.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыста 492 шақырым болатын автожол мен көше жөнделді.
Ауылшаруашылық саласында су тапшылығына байланысты суды аз талап ететін егінге басымдық берілуде. Бұл - Сыр елі үшін жаңа әдіс болмақ.
Облыс әкімін сынап та, қорғап та жатқан азаматтар бар! Қалай болғанда да ел тарихында алғашқы әйел-әкім үшін нәтиже жаман емес!
Жоғарыда маңызды деп санаған көрсеткіштерге тоқталып өттім, айтылмағаны да жетерлік...
Гүлшара Наушақызына туған жерінің өсіп, өркендеуі жолындағы қызметіне абырой тілейміз!
Жазба авторы Ардак Махсутова