Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Сын сәтте серт пен сенім қымбат

Сын сәтте серт пен сенім қымбат


«Мың індетке мейірім ем». «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Қазақтың осынау мағынасы терең, тәлімі мол тәмсілі қай заманда да маңызын жойған емес. Аудан халқына ауырсын уақытта белсенді жастар мен белгілі кәсіпкер иелері аурухана тіршілігінің ауырпалығын жеңілдетіп, жаны қысылған жанға қолдау беріп, заманауи медициналық аппараттарды әкеліп, ауызбіршілікті ел екенімізді дәлелдеді.


Аудан тұрғындары арасында кең етек алып, еңсемізді түсірген індетті жеңуде ең бірінші аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қол ұшын созып, жеңіл автокөлікпен қызмет етуге көмектесті. Ашығын айтқанда,«Пациент - Жедел жәрдем – БМСК – Диагностика – Стационар - Үйдегі стационар - БМСК» бойынша енгізілген карантиндік шараларға орай тиісті шаралар қабылданып жұмыс жүргізілді. Үй жағдайында өз бетінше ем қабылдап жатқан науқастардың көбеюіне байланысты тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен медицина мамандарынан қосымша 4 мобильдік топ жасақталды. Олардың үй аралуына әкімдік тарапынан арнайы автокөліктер бөлініп, бірыңғай байланыс орталығы ашылып, медицина қызметкерлері ем шараларын жүргізді. Аудан әкімі аппараты бойынша іске қосылған Call-орталығы арқылы үйлерге шақыртуларға күнделікті таңғы сағат. 9.00-18.00 аралығында жұмыс жүргізді.
Аудандық емханада тұрғындардың флюорографиялық тексеруден өтулеріне қолайлы жағдай жасалынып, қосымша жылжымалы рентген автокөлігі қойылып тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Аудан бойынша барлығы 4 жылжымалы және 2 стационарлық рентген құрылғылары бар. Барлық емдеу және алдын алу ұйымдарында санитариялық талаптар күшейтілген, маскалы режим енгізілген, дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылды.
Халықтың індетті жеңіп шығуынан кәсіпкерлер көмегін аяп қалмай, қолдау танытты. Аудандық аурухананың 11 жасанды желдету аппараттарымен (ИВЛ), 25 дана пульсоксиметр, 13 дана кардиомонитор құрылғыларымен жабдықталуына, сондай-ақ гуманитарлық көмек ретінде берілген 32 дана оттегі концентраторымен толықты. Алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру бойынша шаралар қабылданып, медицина қызметкерлері бетперде, қорғаныш костюмдерімен, сондай-ақ қашықтықтан дене қызуын өлшеу құралдарымен және антисептикалық сұйықтықтармен толық қамтамасыз етуге атсалысты. «Ел басына күн туса, етігімен су кешкен» жандардың арамызда бары жұмысқа деген жігерімізді жандырды. Бүгінде Жаңақорған «ПремиумКлассСтрой» әк зауыты, «СКЗ-U» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қарасты уран компаниялары қолұшын созды. Одан бөлек, «Шалқия-Цинк ЛТД» АҚ 2 ИВЛ аппаратын аудандық ауруханаға алып берді. «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілері 13 оттегі концентратын сыйлап, науқастарды емдеу ісін жеделдетті. Осы ретте, Нұрболат Аширов, Ғазиз Айтілеуов, Еркінбек Айнохожаев бастаған аудан жастарынның ісіне ризамыз.
Жер жүзін шарпыған жұқпалы дерттің зардабын тартпаған ел кемде-кем. Десек те осы бір ел басына түскен қиындық әлем халықтарының қажыры мен қайратына, бүгінгі бітім-болмыс, деңгейі-дәрежесіне де сын болып отырғаны жасырын емес. Осындай сын сағаттарда сағын сындырмай, сабақтаса өрілген өнегелі іс-ынты­мақтың үлгісін танытқан халық­пыз.
Осындай шақта туған жеріміздегі ауырлықты тең бөліскен барша елге, көп мүддесін ойлаған жандарға, береке мен бірлікті арттырған замандастарға медицина қызметкерлері атынан айрықша ризашылығымызды айтқы­мыз келеді.

Яхия ШОРАБАЕВ,
аудандық аурухананың бас дәрігері


---
12 тамыз 2020 ж. 561 0