Мынау карантиндік режим бәріне ауыр тиді. Әсіресе күнделікті істен несібесін ажыратып отырғандарға қиын болды. Мен Қызылорда мен Жаңақорған арасында такси қызметін атқарамын. Әр рейістен бұйырғанын табысты табатынмын. Төтенше жағдайға байланысты қалаға байланыс үзіліп, такси қызметі тоқтап, үйде отырмын.
Бірақ Үкімет әрбір азаматына қамқорлықты көрсету үшін 42500 теңге белгіледі. Мен де тиісті құжаттарды жолдап, алты күн бұрын әлеуметтік көмекті алдым. Шүкір, үйдің керек-жарағына жаратуға септігі тиді. Көмек көзін тағайындауды тапсырған Мемлекет басшысына, істі жүргізіп жатқан қызметкерлерге алғысым шексіз. Коронавирусты жеңу үшін атқа қонған мемлекеттік қызметшілерге, медицина және полиция мамандарына Алла жар болсын!