№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТАРИХТЫ ТІРІЛТКЕН ТЕБІРЕНІСТІ ШАРА

ТАРИХТЫ ТІРІЛТКЕН ТЕБІРЕНІСТІ ШАРА

Cыр елі – қашаннан тарих тұнған өлке. Ақын-абыз, жырау-жыршылар мен сыр сүлейлері, шайырлар – қасиетті мекеннің басты байлығы. Осындай тарих тудырған төл перзенттердің  өмірі мен өткенін ұлықтап, бүгінгінің бағасын білу – қазіргі ұрпақтың мойнына артылған міндет. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев: Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру және Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында жіті айтқан болатын. Осы бағдарламалық құжатты ел-елге, шалғай ауылдарға насихаттау мақсатында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Соның айқын дәлелі – аудандық мәдениет үйінде өткен жылжымалы-мәдени демалыс кешенінің облыстық байқауы.
ҚР еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері, екі мәрте «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған қонысының құрметті азаматы» Зұлпыхар Мұсахановтың туылғанына 105 жыл толуына арналған «Сыр елінің рухани құндылықтары атты мәдени шара Ұлы Отан соғысы жауынгері, танкист Айтмағанбет Накиповтың туылғанына 95 жыл толуына орай сценарийстердің марапаттау рәсімімен қатар өрбіді. Өркениеттің озық көрсеткіші суреттеліп, бағзы бабалардың баянды тіршілігі насихатталған байқауға  – Арал ауданынан «Ұлы дала ұрпақтары, «Қазалыдан «Жібек  жолы», Қ.Қазантаев атындағы демалыс кешенінен «Nomad» Жалағаш тобы мен Сырдария ауданынан «Ұлар» және жаңақорғандық «Аманат» тобы белсенді қатысты. Патриоттық мақсатты негіз еткен салтанатты жиын 3 кезең бойынша өрбіді. Біріншіден, – қатысушы топтар «Ұлы Даланың жеті қырын» насихаттау мақсатында ауылдарды аралап, жолдауды түсіндіргені жайлы бейнекөрініс. Екінші – аталмыш жолдауды көрермен көзіне композициялық сюжет арқылы жанды түрде бейнелеп жеткізу. Үшінші – ел тарихына байланысты түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру. 
Руханият көкжиегін кеңейтуге бағытталған байқаудың біздің жерде өтуі бекер емес. Себебі, «елім, жерім»  деп емірене еңбек еткен арда азамматтар Зұлпыхар Мұсаханов пен Айтмағанбет Накиповтың  ерлігін ел есінде жаңғырту – жолдау бағыттаған негізгі идеяның  бірі болса керек. Жаңақорған аудандық әкімдігі, облыстық Халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болған байқауға облыс орталығынан қонақтар келіп, әділқазылық етті. Атап айтсақ, облыстық орталықтың мониторинг,  талдау және әдістемелік бөлім меңгерушісі Зина Кенжетаева мен орталық маманы Райкүл Сәрсембаева, «Дала жұлдыздары» халықтық үгіт-насихат бригадасының режиссері Қалберген Арқабаев игі шараға өз бағасын берді. 
Салтанатты шараның ашылуына сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков: 
– 1932-1933 жылдары еңбек жолын аудандық мәдениет бөлімі мен Жаңарық колхозында есепшіліктен бастап, 1937 жылы аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған  З.Мұсаханов 1939 жылы  Сырдария өзенінің бойынан егін егуге бейімдеу мақсатында канал қазуды жоспарлаған. Каналдың қазылуы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келгендіктен, ер-азаматтар соғысқа аттанып, канал қазу жұмысы әйелдерге қалады.  Сондай қиын қыстау кезеңде басшылықтан арнайы сұранып, «Еңбек ері» канал қазу жұмысын өз мойнына алады.  Ел басына күн туған шақта бас көтеріп,  «   Көктөбе, Тайпақкөл, Көкарал, Келінтөбе» магистралының қазылуына ықпал еткен елжанды тұлғаның осылайша аты көпке мәлім болады.  Көзі тірісінде аудан әлеуеті мен экономикасы үшін сүбелі үлес қосқан арда азаматтық ерен ерлігі ешқашанда ұмытылуға тиісті емес. Олай болса, отаншылдық рухты асқақтатар қатысушыларға сәттілік, – деді.Әрі қарай сценарийстердің жабық байқауында жеңіске жеткен мәдениет майталмандарын арнайы «Алғыс» хатпен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. 
Өз кезегімен басталған «Сәлемдесу» кезеңі бойынша қатысушылардың барлығы мәнді-мазмұнды көңілді бейнебаяндарымен І кезеңді аяқтады. Ал, ІІ кезең баршаға үміт жүгін арқалатып, жауапкершілікті жете сезіндірді. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау жанры бойыншабарлық ауданның  мамандары кәсіби деңгейдегі сюжетпен көрермен жүрегіне жол тауып, елжандылық рухын асқақтата түсті. 
Пай-пай шіркін! Сай-сүйекті шымырлатып, жан дүниені тербеткен құндылыққа толы қазақи тарихым-ай! Қорқыт пен абыз Абайды сахна төріне қондырып, ұлық тұлғаларды халықпен қайта қауыштырғандай күй кештірген бейнелі сюжет талайдың көзінен еріксіз жас тамдырды. Көк бөрінің ұрпағымыз деп көк бөріні тірідей ұлытқан киелі сахна бұл жолы да озық өнердің, қазақи құндылықтың киесіне куә болды. 
«Көк бөрі», «Жеті жарғы», «Алтын адам», «Қызғалдақ», «Металлургия» мұның бәрі – біздің тарих. Қойнауы құтқа, торабы тарихқа тұнған Сыр өңірі, ескі Сығанақтың асқақтап астана болғаны мұны ешкім тарихтан өшіре алмас ақиқат. Иә, осыншама теңдессіз теңеулермен тебірене жырланған мазмұнды шара төл тарихты қайта тірілтті. Бір сәтке болсын, ата-баба тұрмыс кешкен тіршілікке бойлап, «Ұлы Даланың» ұланғайыр тұрмысына етене ендік. 
– Жаңақорған – тұмса табиғатты, саф ауалы жәннат мекен екен. Күн-түні ұйықтамаған еңбектің нәтижесіне бүгін жеттік. «Бас жүлдеге» ие болдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Көп ішінен топ жару – бізге бұйырған бақыт екен. Бұл қазалылық топтың жетекшісі Жантұрған Тоқманғанбетовтың   пікірі.Иә, салтанатты жиынның қорытындысы бойынша қазалылық «Жібек жолы» бас жүлдеге ие болды. Жалағаштықтар бірінші орынды қанжығаға байласа, шиелілік «Қызғалдақ» тобы мен аралдық «Ұлы дала ұрпақтары екінші орынның тұғырынан көрінді.  Ал, сырдариялықтар мен жаңақорғандық жерлестер үшінші орынды місе тұтты. 
          
Ханзада ДОШАН.
05 мамыр 2019 ж. 725 0