ШЕРХАН МҰРТАЗА: "БІР КЕМ ДҮНИЕ" ҮЗІНДІ
Имансыз болма
Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам сол.
Бір кем дүние.
Қисық заң
Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кете береді.
Бір кем дүние.
Жоғалған тіл
«Болашақ» деген шығып, бай балалары шет елде оқып, бірсыпырасы сол жақта қалады. Бірсыпырасы елге қайтады. Білімі жақсы, істі біледі. Бірақ тек орысша, иә ағылшынша сөйлейді.
Қазақшасы жоқ.
Бір кем дүние.
Сталинге не жетпеді
Басқа – басқа, Сталинге не жетпеді десеңші, Жоғары Кеңеске сайлау кезінде ылғи да 99,09% дауыс алушы еді, 100% -ға жетпей-ақ қойды.