№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жылт еткен жақсылықты Жаңақорғаныма тілеймін

Жылт еткен жақсылықты Жаңақорғаныма тілеймін

  «Сіз Жаңақорғанға не қажет деп ойлайсыз? Нені істеп, нені қолға алуымыз керек? Тұлғалық тұрпаты келіскен туған жердің азаматын кезіктіре қалса жас дарын Серік Бахытұлының талқылауға бейім тұратын толғақты мәселесі осы екен. Әрине, атамекен тағдыры оның перзенттерін бейжай қалдырмағаны жақсылықтың нышаны. Ал енді Серіктің өзі туған жері үшін нендей тірліктерді атқарып жүр? Осы бағытта әңгіме өрбіткен Серік сенбілік сұхбатымыздың бүгінгі қонағы.
– Аудан жастары арасында өнерпаздар жағы өзіңмен жақсы таныс. Оның сырын өзің өрбітсең?
– Орталықтағы №51 М.Қаратаев атындағы орта мектебін оқып бітірген соң Қорқыт Ата атындағы университеттің физика-математика кәсіби оқыту салалары мамандығына оқуға түстім. Одан соң осы жоғары оқу орнының магистратурасын тәмамдап, педагогика ғылымының магистрі дәрежесінде 2012 жылдан бастап «Абылай хан» колледжінің директорының көмекшісі, 2013 жылдан Қазақ-Қытай академиясының деканы орынбасары қызметін атқардым. Жас өрендермен етене қарым-қатынаста болуыма «Тау самалы» тынығу лагеріне қатарынан төрт жылдан жетекшілік құрамында жүруім көп септігін тигізді. Түрлі шаралар өткізіп, жыл сайын жандардыруға күш салдық.
– Бүгінгі мақсатың не?
– Басты мақсатым – ауданда «Дара» продюсерлік орталық ашсам деймін. Өнерлі жастарды қолдайтын мұндай орталық ешбір ауданда жоқ. Осыны қолға алып, ел ішіндегі таланттарға қамқорлық жасасам деген ой жоспарыммен аудан басшыларына хабардар етіп, тек қана қолдайтындықтарын естіп қуанулымын.
– Қаржылық жағы қалай шешіледі?
– Бұл жерде маған ең алдымен демеуші болатын өз ата-анам, «Айналайын» және «Тұлпар» такси жеке кәсіпкерлігі. Содан кейін елдегі өз еңбегімен игілікке қол жеткізіп отырған тұлғалардың да қарап қалмасына үміт артып отырмын. Оған талай көзім де жетті. Мәселен осы кезге дейін облыс көлемінде 4-5 рет концерт ұйымдастырдым. Бейбіт Қорған, Заттыбек Көпбосынов, Қанат Әлжаппаров сынды белгілі өнер жұлдыздарының халықпен қауышуына лайықты жағдай жасауда әр сала қызметінде өзіндік жеңілдіктерін ұсынғанын да айтуға тиіспін.
– Алғашқы жобаларың қандай?
– Өнердің барлық жанры бойынша үміткерлерді кастингтен өткізіп, нағыз дарындарды іріктеп, (15-29 жас аралығындағы) топ құрмақшымын. Содан кейін олармен концерт ұйымдастыру, клиптерін шығару мәселесінде Алматы, Шымкент қалаларындағы продюсерлік орталықтармен келісім жасап отырмын.
– Біздің өңіріміздегі шоу-бизнес мәселесіне көңілің тола ма?
– Жоқ. Бұл қаланың өзінде де әлі аяғынан тік тұрған жоқ. Оны өрістетуге өркенді көзқарас, интеллектуальдық ынта-ықылас қажет. Орталықты құрудағы басты мақсатым – жастарды салауаттылыққа, озық мәдениетке, заманауи өнер құндылықтарына тәрбиелеу. Келешегін уақыт көрсетеді.
Орталық аясында, сонымен қатар халыққа қызмет көрсетудің төмендегі түрлері: фотосессия, видеотүсірілім, асабалық қызметте болатынын айтқым келеді. Ең бастысы – мемлекеттік саясатты жүргізуде салмақты жобалар басты жоспарымызда тұр. Мәселен, мерекелік концерттер ұйымдастыру, түрлі тақырыптарда мекеме, ұжымдарда, тәрбие орталығы, білім беру орындарында түрлі тақырыптық кештер өткізуді жүйелі жүргізетін боламыз.
– Өнердің қолдаушысы – халық. Дегенмен ауылдағы көрерменнің талғам-талабы қай деңгейде деп ойлайсың?
– Осыған дейінгі концерттерде байқағаным, билет кассада сатылмайды, ұжым-мекемелерге еріксіз таратылып беріледі. Сөйтіп ақшасы жиналады екен, бірақ адам келмейді. Бұдан біздің әлі де болса рухани болмысымыздың кенжелеп, кемеліне жетпегенін байқатады. Мәдениеттіліктің биік белгісі кез-келген құндылықты құрметтеу. Біз көрерменді осы бағытта тәрбиелеуге тиіспіз.
Орталығымның аудан көлемінде жұмыс  атқаруына  қолдау көрсетіп жатқан аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін.
– Әңгімеңізге рахмет. Игі бағыттағы баянды жобаңа сәттілік тілейміз.
Ерлан Абдрасилов.
12 желтоқсан 2018 ж. 3 606 0