№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саусақ ізі сканері арқылы ашылатын шабадан

Саусақ ізі сканері арқылы ашылатын шабадан



         Xiaomi компаниясы Smart Unlock Suitcase "ақылды" шабаданын жасап шығарды. Бір ерекшелігі шабаданға биометрия технологиясы орнатылған. Демек, жолаушы өз саусақ ізін енгізіп қойып, оны басқа біреу аша алмайтынына сенімді жүреді.  Саусақ іздері сканерін FPC швед компаниясы жасаған. Биометриялық құлып бес түрлі саусақты ажыратып, тани алады және 6 айға жететін екі АА батареяларымен жұмыс істейді. Батарея қуаты біткенде, USB порт арқылы қуаттауға болады.  Шабаданның тұтқасы 14 килограммға дейінгі салмақты көтере береді. Корпусы үш қабатты композиттен жасалған. Әзірге шабадандар қара, жасыл, сары түсте шығып жатыр.  CES 2018 (Consumer Electronics Show) көрмесінде Xiaomi компаниясы 90Fun Puppy1 Robotic Suitcase шабаданын көрсеткен еді. Ол болса гироскутер және робототехника көмегімен өз иесінің соңынан еруге қабілетті. 
Massaget.kz
27 тамыз 2018 ж. 912 0