№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТӘУБЕ: ТАҒЫЛЫМ МЕН ТАҒЗЫМ

ТӘУБЕ: ТАҒЫЛЫМ МЕН ТАҒЗЫМ


Тәубе! Ширек ғасырда Қазақстан кемелденіп, қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, өркениет көшінде Мәңгілік Ел ретінде ілесе алатынын айғақтады. Әсілі, кезінде Қазақ елінде әлеуметтік өрт тұтанып, шаңырағы шайқалады деген пікірді ұстанғандар бармақ тістегені ақиқат.

Тәубе! Қазақ – тарихтың сын сағатынан аман-есен өтіп, елдік пен ерліктің жасампаз жаршысы болған жауынгер сақ пен жаужүрек ғұнның, көк түріктің тегін тасымалдаушы халық ретінде Ұлы Дала Елінің заңды мұрагері екенін дәлелдеді. Иә, Алаш елі түркі жұртының қара шаңырағы ретінде әлем түріктерін ұйыстырып, жаһанданудан қорғанудың жолын ұсынып қана қоймай, бастамашы елге айналды.
Тәубе! Қазақстан – әлемге достық пен сенімді серіктестіктің бірегей моделін көрсетіп, татулық пен тұрақтылық, береке мен бірліктің үлгісімен үлгі бола білді. Әлемде баламасы жоқ қазақстандық келісімнің аясында ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір кешуде. Ассамблея соның айғағы.
Тәубе! Ұлттық құндылықтар жаңғыртылып, ана тілдің қолданыс аясы кеңейіп, ата діннің нәрімен сусындана бастадық. Мәселен, солтүстік облыстарда қазақ тілді орталар қалыптасып, күнделікті тұтынатын қатынас құралына айналып келуде. 1975 жылы елде 25 қана мешіт болса, бүгінде 2320 Алла үйі исламның шуағын қазақстандықтардың бойына сіңіруде.
Тәубе! Шекара шегенделіп, мемлекеттіктің тұтас терретория белгіленді. Бүгінде миллионды құраса да өз жері, өз мемлекеті жоқ этностар көп. Ал, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған Ертіс пен Сырдың, Жайық пен Алтайды қоныс тепкен қазақ бақытты болар.
Тәуба! Тәуелсіз Қазақстанды тәу етейік! Ұлт Көшбасшысы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ардақтайық!
Міне, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы кезінде осындай ой түйіп, пайым жасадық. Түсінген адамға бұдан қымбат, бұдан асқақ құндылық жоқ болар. Ендеше, бос ой, дағпырт сөзбен уәстенбей, Тәуелсіздіктің тұғырлы етуде адал іспен үлес қоса білейік, ағайын!
Нұр-Кенже.
28 қыркүйек 2018 ж. 1 173 0