Сөз қуаты қоғам тынысына құдірет дарытады
Биыл қазығы қадалғанына 90 жыл толып отырған ауданның тыныс-тіршілігін оның төл басылымы – «Жаңақорған тынысынан» бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуі ажырамас егіз ұғым. Олай болса газеттің 85 жылдық мерейтойы аудан халқы үшін тарихи мереке. Осыған орай сәрсенбі күні аудан әкімінің мәжіліс залында оқырман қауымның қатысуымен «Қоғамдық сананы қалыптастыруда төл басылымның рөлі» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.
Қашанда мерзімді басылымның ең үлкен тірегі – оқырман. Сексен бес жылдың бедерінде қалтқысыз қырым-қатынасына қылау жұқтырмаған жазарман мен оқырманның берік байланысы озық ойды ортаға шығарып, ізгілікті қоғам орнатуда орнықты қызметімен орасан маңызға ие. Семинар жұмысын ашып, жұртшылықты айтулы мерекесімен құттықтаған аудан әкімі, жиын модераторы Ғалым Махмұтбайұлының төл басылым туралы толғамы осылай сабақталды.
Туған топырақтың тағдырымен біте қайнасып, тар жол, тайғақ кешулерден өткен тарихи басылымның дүниеге келуі, қабырғасының қатайып, қанат жайып қана қоймай, қуатты медиа алаңында бәсекеге қабілетті ақпарат құралына айналу бағытындағы талапты қадамдарын айшықтайтын бейнероликке кезек беріп жиылған әлеумет басылым әлеуетінен жан-жақты мағлұматқа қанықты.
Айтулы мерекеге серіктестіктің шығармашылық корпусымен бірге арнайы келген «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Сақыпұлы сөз алып, аудан өмірінің айнасы, аймақ халқының ажырамас бір ақпарат құралы ретінде сексен жылдан астам адал қызметінен танбаған, заман тынысымен қоса түлеп, қоса жаңарған саяси басылымның халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандырудағы қажырлы қызметіне басшылық көзқарас тұрғысынан байыпты байламдарымен бөлісті.
– Құрметті жаңақорғандықтар!
Бүгінгі Жаңақорған топырағындағы руханияттың кемелді тойы құтты болсын! Бұл – Жаңақорған ауданының мерей тойы ғана емес, күллі қызылордалықтардың мерейлі, мәртебелі тойы, – деді ол.
Асылы, асыл сөздің құпиясына терең бойлап, қасиеті мен келбетін молынан сезінген халқымыз сөз өнері қонған кісіні: «Құдай аузына сөз салыпты», – дейді. Сөзге қатысты осы өлшемнен артық пәтуа жоқтай. Расында, Жаратушы аузыңа сөз салмаса ойыңды жазуға ниеттеніп, қолыңа қалам ұстағанымен түк өнбейді. Осыдан-ақ сөз өнері, жазушылық өнер кімнің бағына болсын қона бермейтінін байыптайсыз.
Осы тұрғыдан алғанда, Жаңақорған ауданымен аттас басылымға «бақ қонып, қыдыр дарыған» деп топшылауға болатындай. Басылым қызметкерлері ұрпақтар сабақтастығымен бүгінге жеткен сөз өнерінің тұнығын лайламай, қадірін қашырмай, орамды ойдың жүйесін жаңаша мазмұнға жалғап, аймағымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының қатарында алдыңғы саптан таныла білуде.
Расында, Сыр өңіріндегі аудандық басылымдар «Жаңақорған тынысының» бағыт-бағдарын бағамдап отыратыны шындық. Әсіресе, дизайнерлік ерекшелігі мен мазмұндық-идеялық алуандылығынан үлгі алады. Яғни, Жаңақорған ауданының төл басылымы ХХІ ғасырда ақпарат құралдарына қойылатын міндет-талаптарды дұрыс түсініп, сәтті үйлестіріп келеді.
Әрине, мұндай тәжірибе бірден келе қоймайтыны белгілі. Бұл – Мырқы Исаев, Адырбек Сопыбеков, Құдабай Ертаев, Айдархан Бибасаров, Өлмесхан Болатбеков, Алмас Бекжігітов, Қаныбек Әбдуов сынды білікті редакторлардың газет өндірісіне енгізген ұзақ жылдық тәжірибесінің нәтижесі деп білемін. Сондай-ақ, Жақсылық Рахматулла, Әкім Мейірбеков, Үсен Әбшенов, Төлеуғали Отарбаев, Жұмабай Әбілов, Оңалбай Садықов, Файзулла Сахиев, Пахмаддин Айнақожаев, Құдайберген Ертасов, Оразалы Мұсабеков, Нұрмахан Елтай, Ерубай Қалдыбек, Мағираш Тұрсынова, Баян Үсейінова сынды қарымды қаламгерлердің шығармашылық ізденісі газеттің мазмұндық деңгейі артуына сеп болды.
Осы жолды жалғап келе жатқан бүгінгі буын өкілдері Нұрлат Байгенже, Әбдісамат Әбдіш, Әлібек Жарықбаев, Мақпал Патенова, Айсұлу Алданазар, Ханзада Дошан және т.б. аяқалысы, ізденісі, еңбектенуі көңілге қонымды, – дей келе потенциалы мол шығармашылық ұжымның тынымсыз ізденісі мен талғамды еңбектенуінің арқасында газеттің таралым аумағы артқанын бұл күнде басылымның Шиелі, Сырдария, Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласында тұрақты оқырмандары қалыптасып келе жатқанынан көруге болады.
Адам табиғаты жаңалыққа құмар. Газет тілшілері осы сұранысты қанағаттандыру үшін жаңалыққа татитын оқиғаны көре білуге тиіс, оны көркем тілмен жеткізе білу үшін, кемел интуиция, жан-жақты сауаттылықтың қажет екенін, осы ретте тілші қауымына артылар міндеттің жоғары екендігін айтты.
Мықты мемлекет орнату үшін мықты идеялогия қажет. Мемлекеттік саясатты насихаттап, билік пен бұқараның арасында алтын көпір сынды айшықты еңбектерінен танбай келе жатқан ақпарат құралдары жауынгерлері жаңа медианың әдіс-тәсілдерін терең меңгеріп, құлашты кеңге сермеп, ой жанарына жаһан жаңалықтарын жинақтап, терең талдай білу қабілетіне ғаламтор арқылы қол жеткізіп, таным-талаптарын ұштай түсуде. Дәуір тынысымен бірге оқырман талғамы артып келеді. Осындай үлкен маңдай термен жарық көрер жарияланымның дер кезінде оқырманның қолына уақтылы жетіп отыруы іркіліссіз пошта қызметін жолға қойған басшылықтың тәуекелді талаптарының нәтижесі екенін де айтып өтті.
Келесі кезекте сөз алған «Ақмешіт апталығы» қалалық газетінің бас редакторы Әділжан Үмбет тырнақалды туындысын жариялап, үлкен өмірге жолдама берген туған жер үнжариясына құрметі айрықша екенін жеткізді.
Газеттің заманмен бірге түлеп, түрленіп, мазмұны мен бағыт-бағдарының айшықтала түсуі қалам иелерінің қарым-қабілетіне тығыз байланысты. Осы орайда туған жер төл басылымының шығармашылық ұжымына әріптестік тілектестігін жеткізді.
Келесі сөз кезегін жалғастырған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов төл басылымның 85 жылдық мерейтойы аясында ауданда атқарылған мәдени іс-шараларға тоқталды.
– Жыл басында төл басылымның мерейлі мерейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында арнайы жоспар құрылды. Соған сай, әр жылдары басылымның тізгінін ұстаған Айдархан Бибасарұлы, Алмас Бекжігітов және Қаныбек Әбдуов «Сөздің салмағын оқырман талғамы таразылайды» атты рухани кеште жаңақорғандық оқырмандармен кездесті. Газеттің өткені сараланып, бүгіні бағамдалған шарада басылымның бедел-абыройына куә болдық.
Одан кейін қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер Баян Үсейінованың «Сара сөзден інжу терген» атты шығармашылық кеші өтті. Төл басылымның мерейтойы аясында балалар ақыны Адырбек Сопыбековты еске алуға арналған «Шуағың боп төгілемін» атты мүшайра жас ақындардың өлең өнерінде қанат қақтырды.
Басылымның тұңғыш редакторы Әбдірейім Рыскелдиевті еске алуға арналған турнирі облыс журналистерінің басын қосты. Қарымды қаламгер Құдайберген Ертасов пен Оразалы Мұсабековты еске алуға арналған «Қанаттандырған қалам» атты дойбыдан турнир өткізілді, – деген ол газеттің бүгінгі бет бейнесі, мазмұн мәйегі мәселесіне де тоқталып өтті.
– Төл басылым заман ағымына сай бейімделіп, дизайндық талғамын арттырып, тақырыптық талғамы мен мазмұндық идеясын кеңейтіп, жаңару, жаңғыру жолына түсті. Мұны басылымның әрбір нөмірінен айнымай танисыз. Тап осы тақылеттес тұжырымдар мен пікірлерді бас қосатын алуан түрлі алқалы жиындар мен зиялылар ортасында естіп, марқайып қаламыз. Жалпы, Сыр өңірінде «Жаңақорған тынысының» қадір-қасиеті биік басылым санатынан.
85 жылдан бері ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар етіп келе жатқан «Жаңақорған тынысы» газеті оқырмандарының белсенділігімен мақтана алады. Соңғы жылдары таралымы ұдайы артып, аудан халқының белсенді тұтына бастағанынан аңғарасыз. Тіпті, Сыр өңірінде таралымы жөнінде көш басында. Мәселен, 2015 жылы – 5569 данамен тараса, 2016 жылы 6226 данаға жетті. Ал, 2017 жылы 6640 болса, 2018 жылы 6956 дананы құрап отыр. Осыдан-ақ, жаңақорғандықтар өздерінің өмір сүріп, ауасын жұтып, суын ішкен атамекеннің тыныс-тіршілігі бүлкілдеп соғып тұратын басылымды шынайы қадір тұтатынын аңғарасыз. Сәл кешіксе сырласын жоғалтқандай іздеп, елеңдеп тұрады. Әрине, бұл – туған жердің жаңалығына деген құштарлық. Бұл – туған өлкенің тарихы мен бүгінгі бағдарын білуге деген ниеттестіктен болар.
Мұндай ықылас аудандық басылым оқырмандарының ойын дөп басып, өзекті, өміршең тақырыптарды таңдай алуынан дер едім.
Газет – күнделікті өмірдің айнасы, жылдардың шежіресі, сонымен бірге, болашақтың бағдаршамы. Халық газет арқылы өзін көреді, өткенін таниды, болашағын бағамдайды. Басылымның заман ағымына сай жаңарып, жасарып отыратын қасиеті бар. Бұл орайда өз шежіресін өрнектеп келе жатқанына 85 жыл толып отырған «Жаңақорған тынысы» газетінің ел өміріндегі өзіндік орны айрықша.
Газет жылдардың жүгі мен уақыттың талабына байланысты бірнеше рет атауын да өзгертті, алайда өзінің мақсат-мұратына адал басылымның аты өзгерсе де, заты өзгермеді. Білікті басшылар мен кәсіби мамандардың, жүйрік журналистердің арқасында ел сүйіспеншілігіне бөленіп, көз қуанышына айналып келе жатқан басылым бүгін де заман көшінің алдында келеді, – дей келе газеттің шығармашылық ұжымы алдағы уақытта да осы биіктен табыла берсін деген ізгі ниеттестігін жеткізді.
Тасқа басылған тарих
«Газеттің ісі бір күндік, сөзі мың күндік». Мерзімді басылымдар күнбе-күн оқырман қажеттілігін қанағаттандырып, сөз қуатымен қоғамдық пікірге дем беріп отырғанымен уақыт өте мезгіл мінберінен шет қалып қоятыны рас. Сондықтан газет бетінде жарық көрген құнды материалдарды жинақтап, кітап етіп шығару талабы көптен көкейде жүрген мәселе еді. Осы міндетті түпкілікті қолға алып, демеуші тауып, нақты жүзеге асыра білген басылым басшысы Нұрлат Байгенже тарих алдында да үлкен азаматтық іс атқарды деуге болады. Газеттегі таңдамалы материалдар жинақталған топтамадан бөлек кітаптың бет ашарында өз аймағымыздан шыққан қоғам қайраткерлері, ақын, жазушы, өнер адамдарының бата тілектері шығармашылық өкілдерінің қаламына қуат, көңіліне шуақ сыйлады деп айтуымызға болады.
«Дәуір айнасы» деп аталатын бұл жаңа кітаптың тұсауын кесу құрметіне «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев пен газеттің байырғыредакторы Алмас Бекжігітов ие болды.
Мерекелік жиын аясында газетте ұзақ жылдар еңбек етіп бұл күнде еңбек демалысында отырған журналисттер мен баспагерлер «Сыр медиа» басшылығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қаламгерлер Файзулла Сахиев, Мағираш Тұрсыновалар аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен», байырғы баспагерлер Қалымбет Әлібекұлы, Гүлбарам Қыдырбайқызы және Майра Мырзабаева аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Баян ҮСЕЙІНОВА.