№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық құнды құжатында жат ағымдар мәселесін былайша сынға алды.
– Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда «сүзгі» адамның ішінде болу керек – деді Ұлт көшбасшысы.
Осы мақсатта аудандық орталық кітапханада «Ислам діні – ақиқат» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашы Мейрамкүл Жиенбаева модераторлық еткен алқалы басқосуға ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров, «Қум сахаба» мешітінің имамы Ержан Сейтжаппаров, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлімі дінтанушысы Шоқан Айдаров  жиынға қатысушы «Жас ел» жастар жасағы өкілдері мен оқырмандарға келелі ой айтты.
– Ата-баба дінін мансұқ еткен дәстүрлі емес, діни ағымдардан қорғанудың жолы ол-Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдіктері яғни, мешіттегі имам-ұстаздардан ілім алып, діни сауатты арттыру. Қандай жағдайда да әрбір ата-ана асыл дініміз Исламның қайнар бұлағынан дәріс тыңдап, өскелең ұрпақты кәміл иманға баулыса екен деген тілегіміз бар. Өйткені, халқымызда қалыптасқан ұлттық дәстүр мен ділдегі ұстанымның басым бөлігі Ислам дінімен бірге біте қайнасып жатыр. Сонда ғана, жастарымыз төл сенімінде берік тұрса, сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді түрде төтеп берері сөзсіз. Ары қарай, ұлттық болмысын, қазақы ұстанымын қаймағын бұзбай келесі буынға жеткізе алар еді жастар қауымы. Қазақтан сөз артылған ба «уағыздамасаң, уағыздаласың» дегендей, көрінген көлденең көк аттының етегіне еріп, ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізге қарсы шығушылардан Алла сақтасын, – деді ауданның бас имамы.
Өз кезегінде шара модераторы басқосудың басты мақсаты – ертелі-кеш әлеуметтік желінің әлегіне еніп, жат пиғылды діни парақшалардың жалған насихатына нанып қалмауға үндеу екендігін жеткізді.
– Ақиқатында, ұлттық және діни құндылықтар бір-бірімен қарама-қайшы бола алмайды. Олардың мақсаты ортақ, айналып келгенде, адамгершілік тәрбиеге саяды. Екеуі де қоғамның рухани саулығы, адамгершілік, имандылық деген асыл мұраттарда бір арнада тоғысады. Сайып келгенде, сауатсыздықтың сан соқтыратынын әсте естен шығармасақ екен. Бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылман үмбетінің елге деген жанашырлығы жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, ұлтжандылық пен мұсылмандық тәлім-тәрбиемен сусындауына әрбір ата-ана жауапкер. Ұл-қызының тек қана сенімді сайтқа кіріп, желінің жақсысын таңдауына бақылау жасауы керек, – деді теолог Шоқан Айдаров.
Сонымен қатар, шара барысында жастар тарапынан  «Отау құру да құндылық қайсы?», «Жастардың дінге деген құрметін қалай бағалайсыз?», «Біздің аудан да діни ахуал тұрақты ма?» деге секілді сұрақтар қойылып, имамдар тарапынан жауап берілді. Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік ел» жастары асыл дініне берік, ізгілік іліміне жерік боуы тиіс.  Міне, сонда ғана әлемді алаңдатқан дәстүрлі емес деструктивті ағымға һәм желіде жүрген жалған жамағатқа сауатты түрде қарсы тұра аламыз. Осыны мақсат еткен шара өз дәрежесінде өтті.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
19 тамыз 2018 ж. 1 152 0