Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » ЕЛДІ ҚОРҒАУ – ЕРГЕ МІНДЕТ

ЕЛДІ ҚОРҒАУ – ЕРГЕ МІНДЕТ


Ел қауіпсіздігінің діңгегі — қуатты армия. Оның қатарын қайтпас қажырлы толқынмен қалыптастыруда мықты кадрлар әлеуеті зор. Солардың бірі –туған жерден түлеп ұшқан сайыпқыран, «Астана» өңірлік басқармасы техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, полковник Шәкен Жарылқасыновтың әскери саладағы жеткен жетістігі мен өнегелі өмірін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында №54 Ж. Қыдыров атындағы орта мектебінің «Ерлік –елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» аты әскери-патриоттық бұрышы жасақталды.

Ел болу үшін — ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек. Ондағы мақсат — оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін терең ұғындырып, болашақ ұрпақты өз елінің патриоты мен ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздейді.
– Біздің алтын ұя мектебімізден талай дарынды тұлғалар қанат қақты. Соның бірі Шәкен Әуезханұлының әскери өмірі жайында дәріптеуді жөн көріп, жерлесіміздің жеткен жетістігін насихаттап келеміз. Жаңа оқу жылында кейіпкерімізбен кездесу ұйымдастырмақ ойдамыз, – дейді алғашқы әсери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мырзан Қылышбаев.
Әскери өмірден сыр шертер көрме төрінен ауыл түлегі Шәкен Жарылқасынұлы туралы қысқаша дерек: Ол Талап ауылындағы №54 орта мектебінде 8 сыныпқа дейін үздік оқып, Шымкент қаласындағы Республикалық әскери мектеп интернатына қабылданды. Одан соң Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлінің Пенза қаласындағы Артиллерия- инженерия институтында «оптика-электрондық жүйелері» мамандығы бойынша білім алды. Білім біліктілігін жоғарылату үшін Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлінің жалпы әскери академиясына қабылданып, «әскери техника мен әскерлерді (күштерді) техникалық қамтамасыз ету және қару-жарақты пайдалануды басқару» мамандығын үздік оқып аяқтады. Сол жылдары Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында «БАРС» нұсқаушысы атағын қорғады.
Тәжірибелі маман Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскерлерді басқару және жалпы әскерлер штабтар қызметі кафедрасының оқытушысы болып, еліміздің әскери қызметшілерінің қатары молаюына өз үлесін қосты.
Әр істі жауапкершілікпен атқаратын әскери маман Шәкен Жарылқасынов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ, оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы лауазымын абыроймен атқарды.Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған.
Айрықша атап өткен жөн, Шәкен Жарылқасынов 2015 жылы өзінің лауазымын айрықша атқарғаны және Отан қорғауда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері дамуына зор үлесін қосқаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, еліміздің егемендігі мен тұтастығы жолында бүкіл саналы ғұмырын қатал тәртіптен қия баспайтын әскери салаға бағыттап келе жатқан осындай ағалардың ерік-жігері соңынан ерген ізбасарларына шынайы өнеге. Әсіресе қазіргідей әскери міндетте барынша жауапкершілік бәсеңдеген, табанының бүрі жоқтар көбейген тұста елді табандылыққа тәрбиелейтін тұлғалар қажет-ақ. Осы ретте әсери-патриоттық жарыстардың жеңімпазы, белсенді оқушы Аружан Шәзат:
– Жерлесіміздің жетістігі біз секілді жастарға патриоттық рух сыйлайды. Қазірде әлеуметтік желіде әскери өмірде әртүрлі оқиғалар болып жатыр деп елді шулатқандардың негізсіз пиғылы еліміздің айбынды рухына қарсы іс әрекет деп ұғамын. Біз Шәкен Жарылқасынов сынды айбыны асқақ ағалардың ізін жалғағымыз келеді, – деді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
16 тамыз 2025 ж. 648 0