№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елді қорғау – ерге міндет

Елді қорғау – ерге міндет


Ел қауіпсіздігінің діңгегі — қуатты армия. Оның қатарын қажырлы толқынмен қалыптастыруда кадр әлеуеті мығым болу керек. Солардың бірі –туған жерден түлеп ұшқан сарбаз, қолбасшының орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, полковник Шәкен Жарылқасыновтың әскери саладағы жеткен жетістігі мен өнегелі өмірін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында №54 Ж. Қыдыров атындағы орта мектепте «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» тақырыбында әскери-патриоттық шара өтті.


Ел болу үшін — ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек. Ондағы мақсат — жас өспірімдерді азаматтардың Конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, болашақ ұрпақты өз елінің патриоты мен ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздейді.
– Біздің алтын ұя мектебімізден талай дарынды тұлғалар қанат қақты. Соның бірі Шәкен Әуезханұлының әскери өмірі жайында дәріптеуді жөн көрдік, – деді алғашқы әсери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мырзан Қылышбаев.
Әскери-патриоттық шарада кейіпкердің өмірінен сыр шертер шағын көрме жасақталды. Әскери салада абыройлы қызмет етіп жүрген жерлесіміз Талап ауылындағы №54 орта мектебінде 8 сыныпқа дейін үздік оқып, Шымкент қаласының республикалық әскери мектеп интернатына қабылданды. Одан соң Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Пенза қаласындағы Артиллерия инженерлік институтында «оптика-электрондық жүйелері» мамандығы бойынша білім алды. Білім біліктілігін жоғарылату үшін Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлінің жалпы әскери академиясына қабылданып, «әскери техника мен әскерлерді (күштерді) техникалық қамтамасыз ету және қару-жарақты пайдалануды басқару» мамандығын үздік оқып аяқтады. Сол жылдары Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында «Жауынгерлік армиялық жүйелері қоян қолтық және атыс сайысы», «БАРС» нұсқаушысы атағын қорғады.
Жан-жақты білім алып шыңдалған жас «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылығы әс­керлері қолбасшылығында және десанттық-ша­буылдаушы қолбасшылығы әскерлері бөлімдерінде қызметін жалғастырды. Әскери бөлім зымыран­ды артиллериялық қару-жарақ қызметінің офицері лауазымынан қолбасшысының орынбасары, өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасы техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, 2009 -2017 жылдары аралығында екі әскери бөлім командирінің лауазымын атқарды.
Тәжірибелі маман Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университеті командалық-штабтық факультеті әскерлерді басқару және жалпы әскерлер штабтар қызметі кафедрасының оқытушысы болып, еліміздің әскери қызметшілерінің қатары молаюына өз үлесін қосты.
Әр істі жауапкершілікпен атқаратын әскери маман Шәкен Жарылқасынов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы лауазымын абыроймен атқарды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қолбасшысының орынбасары, «Аста­на» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшы­сының басқармасы техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған.
Айрықша атап өткен жөн, 2015 жылы өзінің лауазымын айрықша атқарғаны және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері дамуына зор үлесін қосқаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Өздері оқыған мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, еліміздің егемендігі мен тұтастығы жолында бүкіл саналы ғұмырын қатал тәртіптен қия баспайтын әскери салаға бағыттап келе жатқан осындай ағалардың ерік-жігері соңынан ерген ізбасар толқынға шынайы өнеге. Әсіресе қазіргідей түрлі сылтауды желеу етіп, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастар табандылықты меңгерсе талабына жете алатынына сенімді болуы керек. Осы ретте әскери-патриоттық жарыстардың жеңімпазы, белсенді оқушы Аружан Шәзат:
– Жерлесіміздің жетістігі біз секілді жастар­ға патриоттық рух сыйлайды. Қазіргі әлеуметтік желілерде әскери өмірде әртүрлі оқиғаларды болып жатыр деп елді шулатқандардың негізсіз теріс пиғылы еліміздің айбынды рухына қарсы іс әрекет деп ұғамын. Біз Шәкен Жарылқасынов секілді өресі биік, айбыны асқақ ағалардың ізін жалғағымыз келеді, – деді.

Мақпал МАРҚАБАЙ

02 наурыз 2024 ж. 297 0