№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақтың тұңғыш фотографы

Қазақтың тұңғыш фотографы


1839 жыл Францияның Париж академиясында Луи Дагер мен Джозеф Ньепс деген ғалымдар фотографияны өмірге алып келген. Үш жылдан соң, 1841 жылы Жәңгір хан Ордада мектеп ашқанда арнайы фотограф алдырып, оқушылармен бірге суретке түскен.
Жәңгір мектебінен шыққан қазақ зиялыларының көпшілігінің суреті бар. Ал қазақтың тұңғыш фотографы – Шәңгерей Бөкеев екенін көп ешкім біле бермейді.
Яғни, қазақ фотоөнері Батыс Қазақстан облысынан бастау алды деп сеніммен айта аламыз. 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдығы аталып өткенде Петерборға қонақ ретінде шақырылған Шәңгерей Бөкеевке Николай ІІ патша барлық құрал-жабдықтарымен фотоаппарат сыйлаған. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы, Жасқұстағы хан ордасында дүниеге келген. Шәңгерей – Жәңгір ханның немересі. Ол 5 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, шешесі Ермектің тәрбиесінде қалады. Әйтсе де ол жетімдік көрмейді. Ата дәулетінің арқасында жасынан оқып, ғылымға қолы жетеді. Астраханда реальдық училищені бітіргеннен кейін, Орынбордағы әскер бастықтарын даярлайтын кадет корпусына түседі. Бірақ Шәңгерей онда екі-ақ жыл оқиды. Самара губерниясында мировой судья болып біразырақ істейді де, ол қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, өзіне меншікті жер алып, Самар губернаторындағы дворяндардың тізіміне тіркеледі де, қалған өмірінің көпшілігін өз имениесінде өткізеді. Атасы Жәңгір ханның көп жыл иесіз тұрған Көлборсыдағы жазғы ордасын өзіне қаратып алады да, онда бау-бақша, алма ағашын ектіріп, сәнді үйлер салғызады. Өз қарауында 40-50 үй болады. Егін салдырып, егіске машиналар да қолданады. Сөйтіп Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата-қонысы Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркемсөз өнерін ұнатады. Өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. 1920 жылы Қаратөбе ауданының Ақбақай деген жерінде қайтыс болады. Шығармалары 1911-12 жылдары «Шайыр», «Көксілдер», 1926 жылы «23 жоқтау» жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Төменгі қатарда оңнан солға қарай бірінші – Ғұмар Қараш, жоғарғы қатарда сол жақтағы Шәңгерейдің хатшысы Ишанғали Төменгі қатарда ортадағы – алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Бақытжан Қаратаев Халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған ол, Ғұмар Қарашты ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Шәңгерей бірқатар орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. «Қазақстан» газетін шығаруға атсалысады. Ш.Бөкеев – қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын, сыншыл лирик әрі философ ақын. «Үш ғасыр жырлайды» және «Бес ғасыр жырлайды» топтамаларына өлеңдері енген. Өзі көбіне аңшылыққа әуестеніп, неше түрлі құс, жақсы тазы иттер ұстайды. Әрқайсысының бабын тауып, «тілін» білуге тырысады. Қысы-жазы ит жүгіртіп, құс салып, аңшылықпен айналысады. Шәңгерей туралы Н.Манаев, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов т.б. жазған. Жоғарыдағы үйдің суретін Шәңгерей түсірген. Бұл – өзі қоныс еткен, бір кездері Жәңгір ханның жазғы ордасы болған Көлборсыдағы үйі. Дәл осы үйде тұңғыш қазақ газеті «Қазақстанның» (1911-1913 ж) редакциясы болды. Шәңгерей үйінде Ғұмар Қараш пен Елеусін Бұйринге газет шығарумен айналысуға жағдай жасап, жандармерия мен полицейлердің аңдуынан қорғады.Фотоөнерді жақсы меңгерген Шәңгерейдің суреттері арқылы талай белгілі тұлғалардың бейнесі бізге жетті.
Дереккөз: мassaget.kz
12 маусым 2018 ж. 1 561 0