№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » » Тазалықшылар құрмет төрінде

Тазалықшылар құрмет төрінде


Еңбекке енжар, жалқау жандардан бейнетімен адал нан тауып жүрген тазалықшы әйелдер 100 есе артық.Үнемі бір тынбай Жаңақорған кентінің тазалығына мән беріп, күннің ыстығы мен суығына қарамастан таң атқаннан өз жұмыстарына білек сыбана кірісетін әпкелер мен замандастардың еңбегі адал.
Осы орайда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне қарсаңында адал еңбектерін бағалап, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлының ұйымдастыруымен тазалықшыларға арналып дастархан жайылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Шара барысында Арман Әбілпейсұлы мен "Орталық" бастауыш партия ұйымының төрайымы Алма Мамирова мерекелік құттықтауларын жеткізіп, ән- шашулар айтылды. Сонымен қатар мерекелік сыйлықтар да үлестірілді.
- "Құрметті, аяулы аналар өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын сеуiп келесiздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін" - деген Арман Әбiлпейiсұлы аналармен әңгімелесіп, керемет көңіл күй сыйлады.
Күл-қоқыстың қалдығына дейін қалдырмай тазалап елдің алғысын алуға асығатын тазалықшылардың еңбегі зор. Олар – бір-бір шаңырақтың шырағы, отбасының ұйытқысы, үйдің берекесі. Сонда да олар атқан таңмен таласып, қиындығы мол жұмысты аяғына дейін абыроймен атқарып келедi. Сырт көзге түкке тұрғысыз іс көрінгенмен, тазалық жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Ауданымыздағы барша тазалықшы қауымына және олардың отбасыларына береке мен амандық, еңбекте табысты бола беріңіздер дейміз.
Ауыр жұмыс күнінен кейін бір сергіп қалған ару, аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
09 наурыз 2025 ж. 249 0