Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «ЖАУҚАЗЫН ЖҮРЕК: көшпелі әдеби алаңы Жаңақорғанда

«ЖАУҚАЗЫН ЖҮРЕК: көшпелі әдеби алаңы Жаңақорғанда


Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әдебиетті сүйетін өрендердің талабына дем беріп, талантын ұштау мақсатында өңір мектептерінің барлығында ұйымдастырылып келе жатқан «Жауқазын жүрек» облыстық көшпелі әдеби алаңы Жаңақорған ауданында қорытындыланды.

Шараны өткізу жауапкершілігін кенттегі Амангелді Абдуллаев атындағы зияткерлік мектебі ұжымының қолға алуының мәні бар. Білім ошағында өрендер жеткілікті білім алумен қатар көзқарас көкжиегі кеңіп, айналамен достық аясы артып, қандай болғанда жақсыға көз қанықтыра берсе деген ниет. Мектеп директоры Жомарт Шауенов бізге осылай дейді.
Шараға Аралдан Жаңақорғанға дейінгі аудандардың қара сөзге қабілеті ерек өрендері қатысып, өнер жарыстырды.
Бұған дейін сайыс өзге аудандарда ақындық, шешендік ой жарыстыру бағытында өткен болатын. Ауданымызда ұйымдастырылған қорытынды сайыста сатира жанры таңдалыпты. Талапкерлер жергілікті қаламгер, сатирик Нұрмахан Елтайдың шығармалары бойынша таным-деңгейімен танылды.
Шараны «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Гүлжақан Ізбасарова ашып, жас толқынның ой-өрісін байытып, байыпты бағыт түзуіне жанды ықпал ететін шараға ықылас танытып отырған ізденімпаз шәкірттерге өз атынан алғысын айтты. Өнер сайысына қаламгер Баян Алаудинқызы, аудандық Манап Көкенов атындағы шығармашылық мектебінің директоры Уәли Ибрагимов және Кейден ауылдық клуб үйінің директоры, «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Балмұхаммед Әбжаппаров төрелік етті.
Талапкерлер сайыс шартының бірінші бөлімінде Нұрмахан Елтайдың «Ауылға әкім келді», «Осылай да ойнай ма екен?» деген шығармалары бойынша оқиғаны одан әрі өрбітіп диалог құруға тиіс болды. Автордың құм ішіндегі шалғай ауылға әкім болып келіп тұрған ел жағдайынан мақұрым тұлғаның ауыл халқының алдында әжуаға қалатын күлкілі көрінісін жас сатириктеріміз өздігінше өрбітіп, әп-әдемі дүние тудырғаны кәдімгідей әуесімізді келтірді. Бұған шығарманың төл авторының өзі де ерекше ризашылығын білдірді. Бұл бағытта өрнекті өрімімен танылған Арал ауданы және Жаңақорған ауданының шығармашылыл командасы ерекше көзге түсті. Сол сияқты байқаудың келесі шар­ты; экрандағы көрініске қарап өлең құрастыру, жұптасып белгілі тақырыпта сұрақ-жауап алмасуда жекелеген өнерпаздарымыз – Арал ауданынан Жеңісұлы Нұрматбек, Арман Құндақбаев, Асқапбек Қарасайұлы, Айару Әбділлаева ерек танылса, Қазалыдан Зарина Алданазар, Айтуған Шәкәрім, Қармақшыдан Диас Тыныштықбай, Жалағаштық Диас Алтынбек, Шора Дидар, Сырдариядан Мағжан Сұлтанбеков, Қызылорда қаласынан Серікұлы Арсен, Әлібай Сайран, Жаңақорғаннан Мұхамедәли Абдуллаев, Ақбота Тасболат, Болат Исламхан, Шиеліден Ерасыл Ғалымұлы, Айару Мақсұтбек, Ұлан Мейрамханұлы өздерінің биік интеллектуалдық қарым-қабілетімен көзге түсті.
Шара қорытындысында өнерлі ұландарға Алғыс хаттар мен кітап сыйға табыс етілді. Аудандық білім бөлімі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Жандарбекова, білім бөлімінің қазақ тілі, әдебиеті пәні әдіскері Ақжарқын Бабажановалар сөз алып, барлық ауданнан келген ұстаздарға шараға атсалысып, шәкірттерін үлкен дайындықпен алып келгені үшін рахметін айтты.

Баян ҮСЕЙІНОВА

07 желтоқсан 2024 ж. 124 0