Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Қаламгерге құрмет


«Жаңақорған тынысы» газеті талай ақын-жазушының қанатын қатайтып, елге танылуына жол ашты. Әр беті тарихтың құнды жәдігеріне айналған қарашаңырағымызда беделді азаматтардың қолтаңбалары бедерленген.
Талай жыл газет ұжымында еңбек етіп, абырой биігіне көтерілген тұлғалар қатарында қаламгер, фотошежіреші Ерубай Қалдыбек те бар. Журналистің 70 жасқа толуына орай аудан әкімі Мажит Самитұлы арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.


Жергілікті журналист Ерубай Қалдыбек әлі күнге дейін қолынан қаламы түспей, ел руханиятының дамуына өз үлесін қосып келеді. Өзі қызмет еткен аудандық газетте шыққан етжеңді материалдары топтастырылған. «Сөнбес сәуле» атты кітабы жарық көріп, оқырман қауымның ықыласына бөленді. Қаламынан туған туындылардың жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол, өңірдің өзекті мәселелеріне өзіндік үн қосып жүрген жайы бар.
Ауданның Құрметті Азаматы, ҚР Мәдениет саласының қайраткері Ерубай Қалдыбекке аудан басшысы Мажит Самитұлы құтттықтау сөзін арнап «Құрмет» граматасын табыстады. Қаламгердің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова әріптестік тілегін білдірді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
10 қыркүйек 2024 ж. 1 130 0