№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дені сау ұрпақ – ұлт байлығы

Дені сау ұрпақ – ұлт байлығы


24-31 маусым аралығында еліміз бойынша өтіп жатқан репродуктивті денсаулық апталығы аясында Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен тақырыптық басқосу өтті.


Бұл шараның басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығы туралы толық мәлімет беріп, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Атаулы шараға медицина саласы мамандары мен аудандық әйелдер кеңесі құрамы «Отбасын қолдау орталығы» КММ қызметкерлері және Жаңақорған аудан­дық мешінің наиб имамы Дәулет Орынбаса­ров, мәдениет саласының өкілдері қатысып, тұщымды ойларын ортаға салды.
Әуелі аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Төребаева алғы сөз алып, өз ойын ортаға салды.
– Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау жағдайларын жасауға қатысты міндеттер Қазақстан Республикасын­да 2030 жылға дейінгі отбасылық және ген­дерлік саясатты дамыту тұжырымдамасында белгіленген. Бұл апталық жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы мен жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) болдырмауды көздейді. Сондай-ақ, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің таралуының өсуі, жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді де шешуге бағытталған. Репродуктивті денсаулық апталығы – репро­дуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алудың, білікті мамандарға сұрақ қоюдың және тексеруден өтіп, салауатты болашаққа қадам жасаудың бірден бір мүмкіндігі. Репродуктивті денсаулық – ұрпақты дүниеге әкелудегі және отбасындағы психосексуалдық қатынастағы толық физикалық, саналық және әлеумет­тік табысты жағдай. Жалпы, репродуктивті денсаулықты сақтау – сау ұрпақты көбейту функциясын қалпына келтіруге және оны сақтауға көмектесу. Біз осы ашық есік күндерінде репродуктивті денсаулыққа кері әсер ететін факторлардың алдын алуды мақсат етеміз. Айта кету керек, біз атқаратын іс-шаралар тек апталық аясында ғана емес, үнемі жүргізіліп тұрады, – деді ол.
Расында, ұлт денсаулығы – мемлекеттің байлығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас орны бөлек асыл қазына­сы. Сондықтан да, атаулы апталық аясын­да жасөспірімдер денсаулығы басты назарға алынды. Әсіресе, жасөспірімдер арасында шалыс басып, айықпас дертке шалдығудың алдын-алу мәселелері талқыланды.
Бұл жөнінде аудандық емхананың акушер-гинекологы Сәуле Бектұрғанова баяндама жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
– Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында. ДДҰ мәліметтері бойынша, бала өлімінің негізгі себептерінің бірі - жүктілікті үзу және ерте босану. Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді. Медициналық көрсеткіштер бойынша 19 жасқа дейінгі жүктілік ерте деп саналады. Жасөспірімдердің жүктілігі үшін ең көп таралған кезең – 15-17 жас аралығы.
Дәрігерлер атап өткендей, тек он сегіз жасқа дейінгі қыздың денесі жеткілікті түрде қалыптасқан және бала көтеруге, тууға толық дайын. Ерте жүктіліктің салдарынан жасөспірімдердің 70% – ы жасанды түсік жасап, 15% - ы түсік тастайды. Қыздардың тек 15% - ы ғана сәбилерін аман-есен жеткізіп, босана алады. Сондықтан, жастармен және жасөспірімдермен контрацепция және жыныс­тық қатынастың салдары туралы сөйлесу керек. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады. Ерте жүкті болу, – деген ол әрі қарай ерте жүкті болудың физиологиялық тұрғыдан зиянын түсіндірді.
Одан әрі аудандық емхананың дәрігері Раушан Тотаева баяндама жасады.
– Бүгінгі басқосуда талқыланып отырған мәселе өте өзекті. Өйткені, елімізде АИТВ және вич жұқтырғандар санынан әлем бойынша Қазақстан алғашқы ондыққа енуі еліміздегі ахуалдың күрделеніп бара жатқанын білдіреді. Қазір қауіпті аймақтар қатарында Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ВИЧ-инфекциясын жұқтыру жиілеген.
Біздің ауданымызда да жылдан жылға дерт жұқтырып жатқан жандардың саны көбейіп барады. Өйткені, жыныстық жолмен жұғатын індеттің қауіп-қатерін ескеріп жатқан адам­дар аз. Ұлы сөзде ұяттық жоқ, жас-кәрінің жыныстық қарым-қатынаста сауаттылығы төмендігінен орын алып отырған. АИТВ – инфекциясы білінбей өтетін дерттің түрі. Вирус адам ағзасына ауыз қуысы сілекейлері, тері арқылы, инфекция жұқтырған адамдармен жеке гигиена заттарын бірге пайдаланған жағдайда жұғады. Бұдан бөлек жұғудың бірнеше түрі бар. Олар – қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы, АИТВ жұқтырған нашақормен бірге тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде жұғады. Вирус жұқтырған әйелдің ішіндегі ұрыққа не жүктілік кезінде сәбиге жұғуы мүмкін. Одан бөлек, бүгінгі таңда сән салондар көптеп ашылуда. Мұнда татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату кезінде стерилденбеген құралдар пайдалану кезінде жұғу ықтималдығы жоғары, – деді ол. Дерттің алдын алу үшін емханаларда қан тапсырып тексерілу тегін екенін жеткізді.
Сондықтан да, әрбір адам өзінің денсау­лығына жіті мән беріп, жүйелі тексеруден өтіп тұрғаны жөн.
Шарада сала мамандары қатысушылардың түрлі сауалдарына жауап берді.

Әсел РЗАЕВА
29 маусым 2024 ж. 1 450 0