№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » «Кенен мұрасы- халық қазынасы»

«Кенен мұрасы- халық қазынасы»

Биыл халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына — 140 жыл. Осыған орай, Қожакент ауылдық кітапханасында кітапхана,клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақынның шығармаларын өскелең ұрпаққа танытып, оның өнегелі өмірі мен ерен еңбегінен сыр шерткен «Кенен мұрасы- халық қазынасы» атты портрет кеші өтті.
Бұл кеште Кенен Әзірбаевтың құлақ құрышын қандырар әндері, жыр-дастан, толғаулары насихатталды. Ақынның мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Оқырмандар танымал тұлғаның өмірі мен ерен еңбегін өнеге тұтуды үйренеді. Бүгінде Кенен ақынның 100-ден астам әні, өлең-жырлары, дастандары ұлт қазынасына қосылды. Клуб үйінің директоры Т.Тұрсынбаев А.Қоразбаевтың «Сағындым Кенен атамды» атты әнді оқушыларға орындап берді.
19 маусым 2024 ж. 1 078 0