№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауына құжат қабылдау жүргізілуде

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауына құжат қабылдау жүргізілуде

«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсы
Ағымдағы жылғы 15 мамыр күні республика бойынша «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсына құжат тапсыру шарасы басталғанын хабарлаймыз. Үміткерлерді тіркеу 15 маусымға дейін жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға беріледі:
1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4. ата –анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;
5. балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу)орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7. ұсыныстар (әріптестер, көршілер, достар);
8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2024 жылғы 15 мамырдан - 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы , Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі, 33 мекен-жайы бойынша "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" КММ-не өтінім береді.
Анықтама телефондары: 22-2-90, 8 778 935 91 91 әдіскер маман Тоғжан Алпамысова.
"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының ережесімен төмендегі сілтемеге өтіп танысуға болады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181
29 мамыр 2024 ж. 303 0