№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ақын өмірі мен өлеңдері дәріптелді

Ақын өмірі мен өлеңдері дәріптелді


Қазақтың ақиық ақыны, поэзия әлемінің падишасы, өлмейтұғын өлеңімен соңына өшпестей өнеге қалдырған ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кештер жалғасуда. Аудандағы әрбір білім беру ордасы керемет кеш ұйымдастыруда. Соның бірі «Дарын» мектебінде өткен «Поэзияның асқар шыңы Мұқағали» атты шараның куәсі болып, рухани сусындап қайттық.


Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы оқушы­ларды әсемдікке, елжандылыққа тәр­­биелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашуға бағытталған кешке екінші сынып оқушылары қатысты. Ұстаз Ай­нұр Серікқызының шәкірттері сахна­лық әрбір көріністі көңілге жеткізе ал­ды. Алдымен ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрмені тамашала­дық. Видеосюжеттер мен сазды әуендер өткен күннен естеліктерді тербеді.
Шығармашылық кешті Айнұр Тұ­рабаева жүргізіп, әр көрініске шолу жасап отырды. Ақын туралы «Ме­нің анкетам» өлеңінде Мұқағалидің тергеуші алдындағы образы керемет суреттелді. Одан әрі ақынның «Үш бақытым» өлеңі, т.б. Отан туралы, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған жырлары да жүректі қозғады. Шығармашылық кешке келген көрермендер ыстық ықыласын білдіріп, ұстаздарға алғысын жеткізді. Мектеп директоры Мөлдір Әмірбеко­ва, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Әбуова, алтын алқа иегері, ақжаулықты әжеміз Сәуле Әбділдақызы өздерінің жүрекжарды лебізін білдірді.
«Дарын» мектебінің екінші сынып оқушылары қазақтың мұзбалақ ақынына деген құрметін көрсетті.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

13 ақпан 2024 ж. 299 0