№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Аңшылық – қазақтың атакәсібі

Аңшылық – қазақтың атакәсібі


Ол жастайынан саятшылыққа құмар болып өседі. Бүгінде екі тазысын баптап, күтеді. Оларды досы санайды. Әрі аңға шыққанда қасынан тастамай, аңшылықтың қыр-сырын үйретіп жүреді.


– Мен қарапайым ғана аңшымын. Бір күні теледидарды қарап отырсам, ұлтымызға аса қадірлі үлкен ғалым ағамыз «Жаңа заманның өткеліне табан тіреп тұрып, бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеуге тиіспіз» деп жастарды тектілікке тәрбиелеудің жолдарын нұсқап, тұшымды ой айтып жатыр екен. Ақиқатында, тазы қазақтың жеті қазынасының бірі. Тек, кейінгі кездері көпшілігі тазы баптауды ұмыт қалдырып жатқан секілді. Тазы тумысынан саятшылық үшін жаратылған. Таза аңшылық үшін асырасаңыз көзін ашқаннан баули бастау қажет. Күшік кезінде астына қасқырдың терісін төсеніш етсеңіз немесе жүрегін берсеңіз өжет болады. Қаймығу деген қанынан жоғала бастайды. Ал ізге түсіп, тез табуы үшін тұмсығына кез келген аңның өтін құйған дұрыс. Төрт айлығынан теріні тартқызып, мойнын сындыра бастаймыз. Кейін қоян, қасқырға түскенде алданбай, жалт бұрылуға дағдыланады, – дейді ол.
Нұржан әлгіндей жаттығуларды ертерек бастау қажет деп санайды. Әсіресе, мойны қатайып кетпей тұрып қолға алу қажет. Сосын сегіз айлығынан бастап ұсақ аңға сала беруге болады. Кейін ауызданып алған құмай өзі-ақ аңға шыққысы кеп тұрады.
– Тазыны аңға салар алдында да дайындайсыз. Жылқы баққандай жілік майын толтырасыз. Егер дұрыс күтім көрмесе, іші таза болмаса жүгірмейді. Ол үшін оған сары май мен жылқының құйрық қылын беріп құстыру қажет. Сол арқылы ішіндегі қыл-қыбырлар түседі. Осыдан соң саятшылықты бастай беруге болады. Егер тазы ұстаған олжасынан жейтін болса, онда оны тұтастай соған беру керек. Неге десеңіз, ол аң адал болмайды деген ырым бар. Өз басым, осы қағиданы берік ұстанамын. Егер аңшылыққа шыққанда, қоян, қасқырды жәукемдейтін болса мен оны басы бүтін тазыма бере саламын. Көбіне, аңға шығатын кезде тазыларымды жақсылап тойдырып шығамын, сол кезде ол тиіспейді, – дейді Нұржан.
Иә, аңшының сөзіне қарағанда тазының тарихы тым тереңде екен. Тіпті, ол тазыларын жыл мезгіліне қарай бөліп, бөлек-бөлек баптайтынын да тілге тиек етті.

Әсел РЗАЕВА
26 желтоқсан 2023 ж. 614 0