Соңғы жаңалықтар

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Коворкинг орталығы ашылды

Коворкинг орталығы ашылды

2023 жылдың 1 желтоқсан күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханаға қарасты Бірлік ауылдық кітапханасында коворкинг орталығының ашылу салтанаты өткізіліп,сондай-ақ "Қаратаудың қос қыраны " атты ақын Мадияр Оспанов, сазгер Бақыт Берділләевтің шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы Ғ.Сопыбеков, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ә. Сыздықов ," Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы А.Мажитов тағы басқа зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Шара барысында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова шараны ашып, "Коворкинг " орталығының ашылуына демеушілік жасаған Бірлік ауылының тумасы, аудандық мәслихаттың депутаты, меценат Б.Берділлаевты орасан зор еңбегін айтып, коворкингтің ашылуы тұрғындарға жаңа серпіліс беретін, өңірдің инновациялық дамуына көмектесетін, жаңа ұрпаққа мамандық таңдауға,пікірлестер командасын қалыптастыруға арналған перспективалық жобаларды енгізетін, инновациялық идеялар мен тәжірибелердің іске асыратын орталық болатындығын айтса, Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Сұлтанбаева "Жақсыға құмар жүрекпен " " Сөзін тыңдап данамның, сырын ұғам даламның " атты кітап көрмелерімен таныстырып шықты.

Сондай-ақ кітапханада "Коворкинг" орталығын аудандық мәслихаттың төрағасы Ғ.Сопыбеков, Бірлік ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Әділханов ашылу лентасын қиып, аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова кітапханаға ұсынып отырған техникалық жабдықтар, жоғары жылдамдықты Интернет, кітапхананың бай қорынан қажетті ақпараттық және электрондық ресурстары барлығы да орталыққа келушілерге арналғандығын айтып өтті. "Ұшқын " қызығушылық клубының мүшелері жазушы Ш.Айтматовтың "Ақкеме" кітабына талдау жасады. Санымен қатар ақын М.Оспанов, меценат Б.Берділлаевпен еркін тақырыпта сыр-сұхбат алынып, шығармашылығынан әндері орындалды.

Шара соңында қорытынды сөзге шыққан аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов Б.Берділлаевті алғыс хатымен марапаттаса, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғ.Сопыбеков аудан депутаттары атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, өз әріптесі Б.Берділлаевқа шығармашылық табыс тіледі.

Бірлігі жарасқан ауылдық клуб үйінің қызметкерлері шығармашылық кештің жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысып өз үлестерін қоса білді.
Айтар алғысымыз шексіз.
01 желтоқсан 2023 ж. 686 0