№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Рамазан – рақым айы

Рамазан – рақым айы



Дінімізде ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің сауабы ораза ұстағанмен бірдей саналады. Бұл ізгілікті, қасиетті істен халық қалаулылары да шет қалмады. Алдын күні облыстық мәслихат депутаттары ауызашар берсе араға күн салып аудандық мәслихат депутаттары <Әл-Мумін> мешітінің асханасында ораза ұстаған жандарға, зиялы қауым өкілдеріне, кент, ауыл ардагерлеріне, әлеуметтік осал топ өкілдеріне және мешіт жамағатына ауызашар ұйымдастырды.
Ораза тән мен жанның тазаруы. <Он бір айым бір төбе, бұл бір айым бір төбе> дегендей ауыз бекітудің адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігін айтып бастаған мешіт имамы Мейрамбек ұстаз ауызашар ұйымдастырған жандарға ризашылығын білдірсе, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы оразаның қасиеттерін әңгімелеп, қасиетті Құран аяттарын оқып, бата жасады.
Сондай-ақ берекелі отырыста тағылымды насихат айтылып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, ел ағасы Мұзарап Махмудов, Серік Мұсабаевтар сөз алып, халық қалаулыларына алдағы бастар ісіне сәттілік тіледі. Ал жиналғандар "Оразадан оразаға жете берейік" деген тілектестігін білдіріп, ризашылықпен тарқасты.
16 сәуір 2023 ж. 341 0