№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Кітапхана – елдің қазынасы

Кітапхана – елдің қазынасы

Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, кітапханашылардың ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, кәсіби дамуын ынталандыру,мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне әлеуметтік маңызы бар, соның ішінде оқуды насихаттауға бағытталған жобаларды ілгерлету мақсатында 30 қараша күні Адырбек Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың, әдістемелік-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен " Үздік кітапханашы-2022" атты кәсіби шеберлік байқауына 16 үміткер қатысты.
Байқау шартына сәйкес кітапханашының шеберлігін айқындайтын "Жаңа ой, жаңа қадам, жаңа талап ", "Мен кітапханашымын ", " Ұшқыр ой, ұтымды жауап "," Білікті маман- креативті жоба ", "Мен өлкемді жырлаймын атты бағыттар бойынша өзара бақ сынасып, нәтижесінде бас жүлде және үздік кітапханашы статусын №1 кенттік кітапхананың кітапханашысы Иманбаева Ұлсерік, 1орынды аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Мақпал Кадирбергенова, 2 ші орынды №2 кенттік кітапхана, Қосүйеңкі, М.Нәлібаев ауылдық кітапханаларының кітапханашылары Қ.Айдосова, Ж.Дүкенбаева, П. Әлжановалар алса, 3 ші орынды аудандық балалар кітапханасы, Ақсуат, Бесарық бекеті, Еңбек, Құттықожа, Талап бекеті ауылдық кітапханаларының кітапханашылары М.Бибасарова, Г.Қасымбекова, С.Акимов, Д.Айдарова, Н.Ахметовалар және " Көрермен көзайымы "номинациясымен Келінтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р.Уалишерова, " Шешен тілді кітапханашы" номинациясымен Түгіскен ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Көшербаев, "Жігерлі кітапханашы " номинациясымен Жаңарық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р. Мырзабаева, "Ең көңілді кітапханашы" номинациясымен С.Сәруаров, "Шығармашыл кітапханашы" номинациясымен Шалхия ауылдық кітапханасының кітапханашысы Еркін Мәді.
Байқау қатысушыларының барлығына диплом, алғыс хаттармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ байқауға үлкен демеушілік жасаған, аудандық мәслихат депутаты Төлегенов Бақытжан, Жаманбай батыр ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Рысжан Төлепбергенова және Жаңақорған кентінде орналасқан, "Ардақ","Беркут" сұлулық салондарының иелеріне алғысымызды білдіреміз.
10 наурыз 2023 ж. 1 214 0