Бейнесі мәңгі жүрегімізде
Жас жеткіншектің келешек қандай тұлға болып қалыптасатыны ең алғашқы ұстазына байланысты. Мен өзім осы тұрғыда ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысында «№101-ші Қазақ жауынгерлері» деп аталған бригаданың рота командирі болған Исаұлы Құдайқұл ағамның алдында өзімді әлі күнге дейін қарыздар сезінемін.
Исаұлы Құдайқұл соғысқа 1941 жылы Жаңақорғаннан 48 жігіт боп аттанады. Ақтөбе қаласында жасақталып жатқан №101 қазақ бригадасы құрамына алынады. Бұл бригада ұрысқа алғаш Ржев қаласы үшін болған шайқаста кіреді. Қанды қырғын 9 күнге созылып, сол жерде жерлес қандыкөйлек жолдастары Әмен Исмайлов пен Әбдіш Әшімов және басқа жауынгер достары ерлікпен қаза табады.
Ол майдан шебінде тоғыз рет «тіл» алып келуге барған екен. Ең алғаш командирі М.Ғабдулиннің тапсырмасын орындап жұқа мұз үстінде жатып жылжып, арғы бетке өтіп, немістің офицерін қолға түсірген.
Бұл кісінің қатарластарынан бір ерекшелігі, қара сөздің қаймағын терген, нендей оқиғаны болмасын өлең түрінде жазып, жеткізу қабілетін меңгергендігі. Ол майдан газетіне мақалалары мен өлеңдерін жиі жариялап, жауынгерлерді рухтандыруға күш салды. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың немістерге берілмей, үлкен ерлікпен қаза болғанын өз көзімен көрген. Қоршауда қалған олардың дивизиясына көмекке жеткен №101 Қазақ бригадасы құрамында болған майдандас досы әрі жерлесі Қайыпбек Қайназаров ағамыз да бұл деректі растайды.
Отан қорғау жасындағы ерліктері үшін қайсар, ержүрек, батыр Исаұлы Құдайқұл екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Отан соғысы» орденімен, көптеген медальмен наградталған.
Құттықожа елді мекенінде дүниеге келген ол бала кезден білімге құштар болып өсті. Соғыстан кейінгі жылдары елдің баласын сауаттандырып, жаңа өмірге көзін ашты. Солардың қатарында өзім де құрыштай қатал азаматтың ағалық мейірімін көріп, тәлім-тәрбиесінен бүкіл өміріме азық боларлық тағылым алдым. Менің замандастарымның тура жүріп, жолынан жаңылмайтыны, адалын айтып, жалтақтап-жағынбайтыны сол талабы мықты, рухы биік тәрбиенің жемісі деп топшылаймын.
Исаұлы Құдайқұлдың ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті ескеріліп, оны «30 мыңыншы» колхоз председателі етіп тағайындайды. 3 колхозды «Ленин», «Жаңарық», «Жайылма» бір орталыққа біріктіріп басқарған ол ел жағдайын өркендетуге бар қажыр-қайратын сарп етті. Орталығы – «Құттықожа» ауылында жаңа құрылыстар салынды. Өзінің өлеңінде жазғандай: «Жер кепеден шифрлы үйге көшіріп, Ильич шамын жандырдым» деуі нағыз өмір шындығы. «Стахановшылар» жарысында егіннен бұрын-соңды болмаған мол өнім алып, аудан атын Республика, Одақ көлеміне танытты.
Социалистік қоғамның дамуына қосқан ерен еңбектері үшін Одақ астанасы – Мәскеуде өткен съездерге бірнеше рет делегат болып қатысты.
Қолдан жасалған аштықтың зардабы қазақ даласын есеңгіретіп жіберген зұлмат тұста бар болғаны 7-8 жастағы өспірім бір үзім нан үшін өзге елді сағалаған елдің ауыр жағдайын бала жүрегіне түйіп өсті.
Аталары Асқар елде ең алғаш болыс болған әділ билігімен уездің өкілін де ықтырған адам екен, арғы аталары да ел басқарған текті жандар. Ал әкесі Иса көзі жұмылғанша һақтың дінін ұлықтап, соның нұрымен өзгенің жүрегіне сәуле құйып, сопы болып өтті. Ұлының есімін де Құдайқұл деп қойып, Жаппар иесіне табыстаған. Мүмкін, осындай кіршіксіз ниетінен болар, Құдайқұл алмастың жүзіндей жарқыл қаққан, болмысы бөлек, қуаты ерек ғажайып тұлға еді. Оның керемет қасиет туралы кейін небір аңыз әңгімелерді естігенде ол шынында да Құдайдың назары түскен жан екен ау деп бағамдайсың.
Құдайқұл Исаұлы бар болғаны 50 жас ғұмыр кешті. Соғыста жүргенде Румынияда Бухарест қаласында жау снарядының жарықшағы сегізкөзіне тиіп, соның зардабын шекті.
Құдайқұлдың перзенттері де әке өнегесімен өсіп-өніп, бір-бір шаңырақтың егесі атанып отыр. Үлкен ұлы – Оразбек өмірден ерте озған. Екінші ұлы – Маралбек дін ілімін терең меңгерген дәріскер. Сонымен қатар суретшілік өнері бар азамат. Әйтбек, Құрбанбек, Әділбек, Рүстембек сынды ұлдары әке даңқына дақ түсірмей, әрқайсысы өз саласының білгір мамандары деуге болады. Зайыбы Ұлман ел анасы деңгейіне жеткен сүйегі асыл жан еді. Құдайқұл Исаұлы жөнінде оның өз замандастары Жантас Сапабекұлы, Тауасар Тұрсынбайұлы, Әбіласан Әшірбеков, Асылбек Қошқаров, Мақсұт Ибрагимовтың ағынан жарылып айтқан естеліктерінде менің ұстазымның мәрттігі, жомарттығы, қайраткерлігі, қоғамшылдығы, қысқаша айтқанда, өмірді терең сүйетін тау толағай азамат екенін айғақтайтын деректер келтірілген, «Қаратаудың қыраны» атты кітап 2013 жылы марқұмның 90 жылдығы қарсаңында ел қолына тиіп, көңілімізді бір демдедік.
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, өмірге іңкәр жүрекпен соңына мол-мол өсиет қалдырған ұлағатты ұстазымыз Құдайқұл Исаұлының жарқын бейнесі бізбен бірге жасап келеді.
Орынбасар АБДУЛЛАЕВ,
еңбек ардагері, Жаңақорған кенті.