№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сәби көңіліндегі сәуле

Сәби көңіліндегі сәуле


Жеті жасар немересінің бойындағы өзгеше өнердің өрнегін танып, соны бізбен бөлісуді қалаған кентіміздің тұрғыны, жасы сексенге келген қарт суретші Афраил Юсупов бізді шаңырағына шақырды. Өзі Мәскеу жоғары оқу орнының живопись және көркемсурет мамандығын бітірген, ширек ғасыр мектепте суреттен сабақ берген еді. Мақұл дегенімізді естіп, алдын-ала дайындап қойғаны ма, есіктен кіргеннен  жағалай қабырғаға ілінген немересі Эсманурдың салған суреттеріне көзіміз түсті.

Одан басқа баланың қолымен салған шимайға толы екі альбомды алып келіп, қолыма ұстатты.
Екі жастан бастап салған суреттері екен. Оны шимай деп отырған біз. Ал атасы үшін ол шимай емес, кішкентай саусақтар таңбалаған әр сызықта сәби жүректің танымы, табиғаты тұнып тұр. Тек оны түсіне білу керек.
– Эсманурдың салған суреттерінде ой бар, – дейді суретші атасы Афраил, – Мен оның келешегінен көп үміт күтемін. Оған ешкім сурет салуды үйреткен жоқ. Өзі түрлі эскиз сызып, үлкен адамдарша беріліп кететіні қызық. Баламның талабын қуаттап, сурет салатын тақтаны өзім жасап бердім.
Бір қынжыларлығы, Эсманурдың ана­сы Наргиз қазірде Измир қаласына қо­ныс аударуды құп көріп, кішкентайы екеуі сонда тұрып жатыр екен. Бала жасынан көріп өскен Жаңақорғанын қимай Афрайл аға ата-ана қарашаңырағында қалып қойыпты. Ал оның қабырғасын өзі және немересі салған суреттер жауып тұр.
Гуаш, акварель, түрлі-түсті қалам­дары қаз-қатар қойылған жұмыс үсте­лін өзімен бірге ала кеткен 7 жастағы Эсманурға анасы Наргиз тақпақ жаттатқызады екен. Сәбиі үш тілді – ана тілін, қазақ тілін және орыс тілін жетік білетінін айтып мақтанған анасымен телефон арқылы сөйлестік. Наргиз өнерлі жеткіншегінің ойлы боп ержетіп келе жатқанына осы бір тылсым өнердің де ықпалы зор екенін айтады. Шынында, сәбиі әр салған суреті туралы анасына өзінше түсіндірмекке тырысады екен. Суреттеріне балалық қиялмен қойған тақырыптары да  сан алуан. Кішкентай Эсманурдың әр тақырыбынан сәби көңілінің сәулесі төгіліп тұр.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
17 сәуір 2022 ж. 460 0