№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ташкенттегі қазақ асылы

Ташкенттегі қазақ асылы

1904 жылы 14 қаңтарда қазақтың атақты суретшісі Орал Таңсықбаев дүниеге келді.
Пейзаждың ғажайып шебері. Шығармашылығының негізгі арқауы – өзі туып-өскен өзбек жерінің сұлу табиғаты. Орал Таңсықбаев – Өзбекстанның бейнелеу өнері мектебін қайта құрған тұлғалардың бірі. Шығу тегі – қазақ. Ол реалистік кескіндеменің негізін қалаған тұңғыш кәсіби суретші. Ол өзінің сүйікті қаласы – Ташкентте дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін сол жерде өткізген. Суретші классика, халықтық өнер, батыс еуропалық авангард үлгілерімен жұмыс істеген. 1934 жылы Мәскеу мен Филадельфияда өткен көрмелердегі үлкен жетістіктен кейін оны «Өзбекстан колористерінің басшысы» деп атай бастаған. Артынша Таңсықбаев Брюссельде өткен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде күміс медальды олжалаған. Суретші тарихи отаны туралы ұмытқан емес. Оған «Алматының қысы» деп аталатын жұмысы дәлел.  Сондай-ақ Орал Таңсықбаев 1938 жылы Алматыдағы Опера және балет театрында қойылған «Қалқаман-Мамыр» атты алғашқы Қазақ ұлттық балетіне арнап, костюмдердің үлгілерін салған. Бүгінде бірнеше еңбектері Қазақтың көркемсурет мұражайында сақтаулы.
Өзбекстандық өнертанушы Наталья Глазкова – өмірін бейнелеу өнеріне арнаған адамдардың бірі. Дәлірек айтсақ, ол өмірінің көп бөлігін Өзбекстан суретшісі Орал Таңсықбаевтың жұмыстарын сақтап қалуға арнаған.Сондықтан бұл бейнеде Наталья Глазкова Орал Таңсықбаевтың бүгінде мұражайға айналған Ташкентте тұрған үйін көрсетіп, еңбектері мен оның өмірінен алынған суреттермен таныстырады. 
Алматы көркемсурет училещесіне Орал Таңсықбаевтың аты берілген.
14 қаңтар 2020 ж. 974 0