№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Отбасы- тәрбие бастауы

Отбасы- тәрбие бастауы

       Ұлттық құндылықтар – біздің асыл мұрамыз. Ұлттық құндылықтырды отбасында дәріптеу- тәрбиенің  маңызды бөлігі. Осы мақсатта 17.03.2022 жылы Жаңақорған ауданындағы тарихы тереңде жатқан  іргелі  қарашаңырақМ.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінде «Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» атты облыстық семинар болып өтті. Облыстық семинардың мақсаты-  отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда талдау. Семинарға Облыстық оқу орталығынан қонақтар, облыс бойынша барлық аудандардан өкілдер,  аудандағы барлық білім ошақтарынан қонақтар қатысты.Семинар барысы келген қонақтарға ұлттық оркестрдің өнерін көрсетумен басталып, қонақтардың көңіл-күйлері көтерілді. Семинар жұмысы «Отбасылық құндылықтарды қалыптастыруды дағдыға айналдыру» тақырыбындағы  көрмемен жалғасты.  М.Қаратаев атындағы № 51 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Аюпова көрмедегі  оқушылар жұмысымен  таныстырды. Көрмеде оқушылар асау жылқыны ұстауға арналған арқанды түю жолдары,алты өрме қамшыны дайындау тәсілі, қазақтың ұлттық құндылығының бірі-бүркітті ұстап, баптау жайында, тігін тігу, тоқыма тоқу, сурет салу, ермексаздан түрлі бұйымдар жасау, қыздардың ұзын шашынан бұрым өру, бисерден бұйымдар жасау, ұлттық аспап домбырада күй ойнау сияқты өнерлерін сол жерде әкесімен, ағасымен, апасымен бірге үйрене отырып көрсетті. Келесі кезекте мектептің педагог-психологі Б.Сейітова келген қонақтармен «Танысу» тренингін жасады. Тренинг барысында семинар қонақтары «Қонақтар», «Үй», «Шаңырақ» жаттығуларын жасай отырып, бір-бірімен танысып, жылы психологиялық ахуал орнатты. Тренингтен кейін облыстық оқу орталығы бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева семинарды  ашып, қойылымдарға кезек берілді. Бірінші «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында 4«А» сыныбында панорамалық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші Д.Оңалбаева ұлдар мен әкелер ұйымын қатыстыра отырып, отбасында ұлдарды отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу жолдарын жанды көріністе көрсетті. Келесі кезекте «Қызғалдақ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Қызым, саған айтам!» тақырыбында тәрбиелік шарасы өтті. «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Әуелбекова Әдемі қазіргі кездегі қыздар арасында кездесетін кейбір келеңсіздіктерді мысалға ала отырып, асыл әже, аяулы ана, жақсы жеңге арқылы мәселені қалай шешуге болатындығын көрініс арқылы көрсетті. Осындай екі шаңырақтағы түрлі мәселелер мен олардың шешілу жолдары сахналанғаннан кейін «Нұрберген Тастаев» шаңырағының ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр-бабалардан қалған асыл мұра» атты шаңырақ сағаты өткізілді. 10 «А» сынып жетекшісі Нәлібаева Динара,  11 «А» сынып жетекшісі Әлшекеева Назира шаңырақ сағатында оқушыларды үш топқа бөле отырып, ата өсиеті, әке тәрбиесі, әже өнегесі, ана тәрбиесін көрген оқушылармен жұмыс жүргізді. Оқушылар «Бата», «Дәстүр», «Тал бесік» топтарының атына сай бүгінгі семинар барысындағы жүргізілген  жұмыстардан қандай ой түйгендерін, бұған дейін білетіндерін ортаға сала отырып, ұмытылған салт-дәстүрлерді қайта  жаңғырту, салт-дәстүрлерді көрерменге көрсету сияқты жұмыстар жасады. Мектептің педагог-психологі Б.Сейітова мен 7 «В» сынып жетекшісі Қ.Абылайханқызы бүгінгі өтілген жұмыстарды қорытындылай келе «Отбасындағы психологиялық ахуалдың тұрақтылығына ұлттық құндылықтардың ықпалы» тақырыбындағы психологиялық сағатында оқушыларға бүгінгі көрген жақсы және жағымсыз әрекеттерді таразыға тарту арқылы салыстыра отырып, ұлттық құндылықты ескермегендіктен отбасында кездесетін жақсы және жағымсыз қылықтарды салыстырғанда таразы басын жағымсыз қылықтардың басып кеткенін, оны біз ескермей жүрген «ұлттық құндылық» арқылы жақсы әрекеттердің  таразыны басатынына оқушыларымен бірге көз жеткізді. Ал Б.Сейітоваотбасындағы тыныштық, сенімділік, махаббат өшкен жағдайда да үміт оты өшпейтінін, ол отбасында осы аталған қасиеттердің қайта жанатынын шырақтарды жаға отырып, мысалмен дәлелдеді.
        Семинардың әдістемелік бөлімінде Қызылорда қаласы №257 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғабылова Динаның «Ұлттық тәрбие- бала тәрбиесінде» атты өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жайындағы ой-толғамы тыңдалып,  сол жердегі оқушылармен практика жүзінде түрлі жұмыстар көрсетілді. Келесі кезекте №10 БИЛ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосаева Райханның «Отбасы тәрбиесі-өнеге бастау: ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі» тақырыбында таныстырылымы тыңдалды. Мұнда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Сырласу» клубтарының жұмыстары жайлы әріптестермен тәжірибе алмасу өткізілді. Облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева «Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында тәрбие саласы мамандарымен түсіндірме жұмысын жүргізіп, келген мамандармен ой бөлісіп, облыстық семинарды  қорытындылады.
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінің
 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыҚ.Аюпова

06 сәуір 2022 ж. 735 0