№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Саусағыңыздағы сақинаның жасырған не сыры бар?

Саусағыңыздағы сақинаның жасырған не сыры бар?


Сақина сонау заманнан келе жатқан зергерлік бұйым. Осы бір кішкене зат туралы бір сәт ойландық па? Қалай, қайда пайда болғанынан хабарымыз бар ма? Пайдасы мен зияны қандай? Адам сақинаны не үшін, не мақсатта тағады? Дәл осы секілді сан сауалдардың жауабын білгіңіз келсе небір қызыққа қанығасыз.


Осы күннің жастары мен жасамыстары той-думанға, түрлі жиындарға алтынмен апталған, күміспен күптелген бүкіл бар сақина-сырғаларын, алқа-біле¬зік-терін тағынып баруды әдетке айналдырған. Мақсаты айтпаса да мәліи. Сән, мақтан үшін. Ал ата-бабаларымыздың кезеңіне көз жүгіртсек, басқа халықты қайдам, дәл қазақ жұрты сақинаны тек қана сәндік үшін тақпағанын білеміз. Атам қазақ «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» деп айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақина не жүзік болуы керек деп есептеген. Неге? Сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, баланың жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері : «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады», – деп ескерткен. Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «ит аяғына салу» дәстүрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды береді. «Итаяғына салу» деген – келіншек босанып, баланың «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды ыдысқа салады. Содан кейін жүзікке толы суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұндағы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден шыққан. Жақсылыққа жорып, әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын деп ырымдаған болса керек. Дініміз Исламда ер адамға алтын сақинаны, жалпы, алтын атаулыны қолдануға тыйым салынған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір ер адамның қолындағы алтын сақинаны көріп, саусағынан шешіп алады да, жерге тас-тайды. Сосын: «Егер осы тұрғандардың біреуі мынандай жанған шоқты пайдаланатын болсаңдар, оны алақандарыңа салып көріңдер», – депті. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кімде-кім сақинасына қызғылт ақықтан көз салса, сол адам дәулетті де шат өмір кешеді» деген.
Кезінде хандар, патшалардың жеке жүзік-мөрлері болған. Параққа ба¬сылған жүзік мөрі арқылы ел тағдыры, жан тағдыры да шешіліп жатты емес пе? Біреу өлім жазасына, біреу зынданға тасталды. Сондағы бір жүзік ұшындағы таңба. Адамның он екі мүшесі болмаса да, ақыл кені мидың ойлағанын қолмен жүзеге асуына соңғы шешімді бекітетін де мөрлі жүзік болған. Жүзік кө¬зінің орнына кішкене сандықша жасалып, оның ішіне у салынатын сақина түрлері де болған. Ол да талай жанның құрбан болуының себепшісі болғаны тарихтан белгілі.
Ал біздерге сақина дегенде әрдайым алдымен неке сақинасы ойға келетіні жасырын емес. Ырым-жоралғыға жүгінсек, неке сақинасы жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз әрі көзсіз болғаны шарт. Ол жас жұбайлар кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырымнан туған. Неке сақинасын алмастыру дәстүрін болжам бойынша мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек формасы мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы керек деп санаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі. Ал Скандинавия елінің ырымына назар аударсақ, мұнда қаралы отбасы мүшелеріне 40 күнге дейін күндіз-түні бірде-бір сақинаның алынбауы бұйырылады. Олай болмаған жағдайда марқұм кө¬ңілден кетеді, ұмыт болады, ал ұмыт болса, марқұмның рухы, аруағы қайта оралып келіп, ұйқыға кеткенде, сақина тақпағанды қинайды, тұншықтырады деген ғұрып қалыптасқан.
XVI-XVII ғасырлардан бастап Еуропаның көптеген елдерінде неке сақинасын сол қолдың шылдыр шүмегіне тағу үрдісі қалыптасқан. Олардың мәдениетінде «махаббат тамыры» деген сана қалыптасқан. Яғни сол саусақта жүрекке тікелей қатысты бір тамыр болады екен. Ойланып көрсек, осы емханаларға қан көрсеткішін тапсырсаң, тап осы саусақтан қан алатыны несі деп таңғаласың. Азия елдерінде неке сақинасын оң қолға киеді. Ислам дінінде оң қолды артық бағалайды. Ал Исламда некеге отырғанда сақина салу міндеті жоқ. Бірақ бұл дәстүр кейінгі кезде пайда болды.
Белгілі ғалым рефлексотерапевт М.Н.Анисимовтің тұжырымы бойынша қалың, ауыр немесе тар сақиналармен саусақтарды қинауға болмайды. Әр саусақта бүйрек, бауыр, өт, жүрекке тікелей байланысты жүйке нүктелері бар. Сақиналар кейде осы нүктелерді дөп басып, бүкіл қан-тамыр жүйесіне де оң әсер ете алады. Ал кейде керісінше, ұзақ уақыт сақинаны бір саусаққа салып жүру түрлі ауруға соқтырады. Жай ғана тұрмыстық бұйым көрінгенмен, сақинаның сыры тереңде жатқанын осыдан байқауға болады. Біздің айтарымыз ешқашан «басыңыздың сақинасы ұстамай», осынау сақинадай дөңгеленген дүниеде сақинаңыздың жұбын тауып, шексіз бақыт иесі болғайсыз.

Жасұлан Сейдеметов

06 сәуір 2022 ж. 749 0