№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кәусардың қуанышы

«Nur Otan» партиясы, «Qazaq epos» қоры және Білім және ғылым министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Тұлпар мініп, ту алған» аудандық байқауында №247 орта мектептің 8 сынып оқушысы Кәусар Нұрғазықызы дараланды. Біз білімпаз қызды кейіпкер еттік.
Байқау талабы – 6-10 сынып оқу­шылары «Едіге батыр» жырын жатқа ай­туы тиіс. Қатысушылар қосымша Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың тарихына қа­тысты сұрақтарға жауап беріп, жыр­да кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндірді.
Кәусардан ұзақ жыр жолдарын қа­лай жаттағанын сұрадық.
– Тарих және қазақ әдебиеті пәнін жақсы көремін. Біздің ұлтта құймақұлақ адамдар көп болғаны жайлы оқыдым. Мұндай қабілетті да­мыту біздің де қолдан келеді. Осы ретте, ұстазым демеу көрсетіп, бай­қауға дайындалуға кеңес берді, – дей­ді дарынды қыз.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, жас талантты жетелеп жүрген ұстазы Қалдықыз Нұртазаевадан шәкірті ту­ра­лы сұрағанда:
– Талант – табиғаттың адамға сыйлайтын ғажап сыйы. Мен ұстаздық тәжірибемде оқушылардың қабілеті мен ыңғайын саралап, бағдарлаймын. Егер де оқушының жаттау қабілеті, мәнерлеп оқу мақамы жақсы екендігін байқасам, оны сайысқа дайындаймын. Мақсатым – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өнерлі, дарынды жастарды анықтау, оларды білім шыңына жетелеу. Осы бағытта Кәусарды 5 сыныптан бастап таңдап алдым, алдымен ақынның шағын өлеңдерін жаттатып, оның тез жаттап саны артқан сайын қызығушылығы да артып, кейін шағын шығармаларын бітірген соң, орташа көлемді өлең­дерді, ал соңында күрделі туын­ды­­ларды жаттап алды. Сонымен қоса сапалы жаттағанына да назар ау­да­рамын. Өзім бірнеше рет оқып, өлең­нің ырғағын, бунағын, кідірісін, инто­нациясын қойып, оқу мәнерімен жұмыс істеймін. Осы күні талабым мен талғамыма сай келген шәкіртім Кәу­сармен мақтанамын. Едіге батыр жырын Кәусар бір ай көлемінде толық жаттап алды, – деп ағынан жарылды.
Кәусар бос уақытында кітап оқып, ән айтып, сурет салғанды жақсы көреді.
– Тез әрі сапалы жаттауыма анам­ның, пән мұғалімінің қолдау-кө­ме­гі тиді. 26 қазанда ұстазыммен Жаңа­қорған кентінде өткен «Тұлпар мі­ніп, ту алған» байқауына бардық. Алға­шында аздап қобалжығаным рас. Өз-өзімді қамшылап, байқауға қатысқан 120-дан астам оқушыдан даралануға тыныстым. Еңбегім текке кетпеді. Қуаныштымын! – дейді ол.
Оның жетістігі бұл ғана емес. 2017 жылы «Жас зерттеуші» атты V Республикалық зияткерлік байқау­ында, 2021 жылы Республикалық 8 сынып оқушылары арасында өткен орыс тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиадада білімімен ерек­ше­ленді.
Рауза ӘЗІЛХАН
13 қараша 2021 ж. 427 0