№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Мүшел жастың мәні


Жаратылыста барлық нәрсе белгілі заңдылыққа бағынады. Адам тұрқы он екі жіліктен тұратынындай жыл қайыру да он екі жылға белгіленген. Осы жылдарға ат қоюға келгенде шығыс халқында мынадай аңыз бар. Аңның барлығын жинап, күн шығуын бірінші көрген жылдың басын иеленеді деген шарт қойылған екен. Мойным ұзын, күннің шапағын бәрінен бұрын мен көремін деп сенген түйенің өркешіне секіріп мініп, күнді одан бұрын көріп, жылдың басын иеленген тышқанның айласына орай «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген мәтел пайда болған екен. Міне, осы жаңарып отыратын он екі жыл бір мүшелге есептеліп, адам өмірін кезең-кезеңімен кемелдендіреді.


Алғашқы мүшел он үш жасы есеп­теледі. Одан соң жиырма бес, отыз жеті, қырық тоғыз, жетпіс үш, сексен бес, тоқсан жеті, жүз тоғыз, осылайша араға он екі жыл салып кісі баласы бір белестен бір белеске көтеріліп отырады.
Сәби дүние есігін ашқаннан бір мүшелге толғанша қалыптасу, есею кезеңінен өтеді. Сондықтан ер баланы табиғатына сәйкес тәрбиелеуге қат­ты мән беріп, физиологиялық та, психологиялық та тұрғыдан еркін, жан-жақты мүмкіндік беріп, азамат болып қалыптасуына жаңдай жасау ұлттық салт-дәстүріміздің діңгегі болып табылады. Жеті жастан бастан ер баланы атқа мініп, суда жүзуге баулу, садақ атуды үйретіп, оғлан болғанын көру ертедегі оғыз-қаған заманынан бері келе жатқан дәстүр. Сол кезде бала жауынгерлік мінез-құлыққа ие болып, келешек ел қорғаны балуға бала жастан бейімделіп өседі. Бүгінде осы дәстүрдің жұрнағы да қалмай бара жатуы ер бала мен қыз баланың бір ортада, бірдей жағдайда білім алып жатуы өзіндік ерекшеліктерге сына қағып, ер баланың өзіне тән артықшылықтарын бірте-бірте көмескілендіріп барады. Осының кесірінен дене тұрқының дамуы жөнінен де кешеуілдеп, нәзік жетілетін кей ұлдар өзінің әлсіз тұсына намыстануынан күйреуік күйге түсіп, психологиялық соққы алып жататан көріністерді де кездестіруге болады. Еркін дамуына ерік беру ер баланың өзіндік табиғатымен үйлесім табатындықтан дене мүшелері жетілмеуі, бойы өспей, нәренжу қалу сынды қолайсыздықтан құтқарады. Бұл келешек мектеп бағдарламаларында басты мәселе болуы тиіс.
Қазақ даласында ертеден ұрпақ негізін дұрыс қалыптастыруда ихсан мектептер болған. Бұл жас балаларды кішкентайынан әдеп пен имандылыққа, адалдыққа, тазалыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтін даланың өнеге ошақтары саналған. Мұндай орында өнеге алған жас өскін титтейінен тағылымға тәрбиеленіп, сол мінез-құлықты өмірлік дағдысына айналдырған. Өйткені «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» деген тәмсіл бар. Қазақта «Он үште отау иесі» дегенде бұл жасқа қатты мән берілетінін, яғни балиғатқа толды деп есептеліп, оған сенім артып, бір үйдің жауапкершілігін арқалатуға негіз бар. Ата-анасының, бауырларының қамқоры бола алатындай қайратты жас есептелген.
Әр мүшеде қасиет бар. Жиырма бес жас жігіттің дер шағы. Жалындап жанып тұрар, қайраулы қайрақтай, дұшпанға қарсы өрлейтін, намысты қолдан бермейтін, еліне еге болар, отбасын құрып, беріктігіне шеге болар нағыз көрікті жасы есептеледі. Адамда 360 сүйек бар болса, ол отыз жеті жасқа дейін тоқтаусыз өседі. Осы кезде көз сұғынан сақтан деген сөздің мәні бар. Тұлғаның ең бір толықсыған отыз жеті жаста жігіт толық өз-өзіне есеп беріп, алды-артын бағамдайтын, кем тұсын түгендеп, артығын тізгіндеп, бүгіні мен ертеңіне ой жіберіп алаңдайтын қасиет жамаса керек, қырық тоғыз жасында кемеліне келіп, өз ақыл-ойына сеніп, алпыс үш жасында алысқа көз тігіп, өзін отбасы ғана емес, ағайын-туыс, әулеттің тұтқасымын деп біліп,қара нар қариялыққа даярланса, жетпіс үштен жоғары қарай елдің ақсақалы, данагөй абызы деңгейінде айналасын ақылға шақырып, бірлік пен ынтымақтың үлгісі болып отырса жарасымды.
Мүшел жаста мән бар. Бұл көзсіз сенім немесе ырым-жырымнан тыс табиғи заңдылығы дәлелденген адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан мүшел жасқа кіргеннен дені-қарнының саулығы мен өқарақан басының амандығына алаңдап, сақтану амалдарына көше бастайтын бір әдет әрбірімізге тән. Мүшел жасында қауіп пен қатердің жиірек ықтималдығы жөнінде түрлі тыйымдар қатарында жалғыз жүруді құптамау да бар. Содан соң айтылған сақтықтарға мән бермеген бір мүшесінен айрылады деген қорқыныш та бар .Бұл жөнінде Аюп пайғамбардың басынан өткен дейтін аңызда мынадай оқиға бар. Аюп пайғамбар мүшел жасында еді, жалғыз жолаушылап келе жатып түс көреді, түсінде берілген аянда: «Үйіңе барсаң әйелің өледі, түзде қалсаң өзің өлесің» дегенді білдіреді. Көрілген түстен секемденген ол жанының амандығы үшін мол садақа береді. Дорбасын жерге қойып, жан шақырып отыр еді, оның ішінен шыққан жылан ирелеңдеп жөніне кетеді. Жан алатын әзірейіл сол екенін біліп, амалының арқасында аман қалғанын іштей түсінеді. Мүшел жасқа толған жанның күні бұрын сәтсіздіктердің алдын алып, қайыр-садақа таратуы, өзінің ең қимас киімдерін жақынына немесе жоқ-жұқанаға сыйға тартуында осындай нығмет бар.
Мерейтой деп әр он жас қосқан сайын мерекелеу бұл кешегі жетпіс жылдың өнегесі, орыстың ғұрып-дағдысының біздің дәстүрімізге де етене кірігіп, сіңіп бара жатуының көрінісі. Ал, жалпы әр он жылда адам миында бір қысым болып, өміріне бір өзгеріс еніп отыратыны дәлелденген.
Мүшел жасында аурулы-сырқаулы болып, бір қатерді бастан өткіздім деп жататындарды жиі естиміз. Мұ­ның астрономиялық тұрғыдан да жұлдыздардың тоғысуы сынды құбы­лыспен дәлме-дәл келетіндігі анықталып отыр.
Америка ғалымдары әрбір мүшеге толған сайын адамның жан дүниесінде анатомиялық та, психологиялық та, физиологиялық та өзгеріс болып оты­ратынын дәлелдеген. Мүшел жасқа таянғанында адам бойында энергетикалық қуат күйінің әлсірейтіні, оның орнын толтыру үшін айналамен қарым-қатынасты арттырып, қоршаған ортадан да, табиғаттан да, жақын-жуық, жанашыр адамдардан да жағымды аура, позитивті көңіл-күй ала білудің маңызы ерекше. Жапон халқының жасы ұзақ өмір сүруінің себебі не, деген сауалға олардың қай кезде бір-біріне жұмсақ сөйлеп, жақсы көңіл-күй дарыта білуінен деген жауапты естуге болады. Жер бетінде қатар ғұмыр кешіп жатқан адамдар жылы сөз, қарапайым қарым-қатынасының өзімен ақ адам басында болмай тұрмайтын қайғы-мұңды сейілтіп, бір-біріне рухани сүйеніш бола алады екен.
Қазақ сахарасына келген діннің ықпалы да бұған дейінгі мүшел жас туралы наным-сенімді жоққа шығармайды, қайта оның маңызын шариғи тұрғыда бекемдеп, үміт пен үрей кезектескен адам өмірінің жарқын жағына көбірек ден қояды. Жақсылықтың тіні – жақсылық жасауда, үлкеннен бата алуда, жарты құрма болса да садақа жасап, жақсы сөзбен жанға дәру болуға үндейді. Осы жолда жүрген адаспайды.
Мүшел жасыңыздан Сіз не түйдіңіз?

Баян Үсейінова
15 қыркүйек 2021 ж. 592 0