№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Атадан тал қалсын


Осынау ескіден келе жатқан есті сөзді ескеруді жөн көрген көше тұрғындары, яғни, Жаңақорған кентіндегі Алдан Аюпов көшесінің халқы биылғы жылы көшеміздің бойына жағалай 411 түп тал ектік. Қазірде бұрынғысын қосып есептегенде барлығы 441 ағаш жайқалып өсіп тұр. Көшенің ұзындығы бар-жоғы 850 метрге жетер-жетпес. Оны қара талмен көмкеру еш қиын емес. Біз бұрын-соңды егілмеген, ешкім атын да біле қоймайтын Айлант талын ектік. Бұл талға қара мал жақындай қоймайды.


Біздің көшенің сексен пайызы үй жануарларын асырайды екен.
Алайда, бірде-бір үй малын қарау­­сыз көшеге жібергенін көргеніміз жоқ.
Бірақ «сырттан келген жау жаман дегендей», тамыры берік талдарымыз орнында қалса да, сабағы нәзік құлпырған гүлдеріміздің кімнің малы­ның аузында кеткенін білмей аңырап қалдық. Қоныс басшылығы «Құдай бір ретін келтірер» дегеннен ары аса алмай отыр. Енді басқа не уәж айтсын. Бұған өзіміз қырағы болуымыз керек қой.
Халқымыз «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деп, қоңсылықты ерекше кие тұтқан. Көршімен тату тұру әу бастан санамызға сіңіп кеткені содан болса керек.
Өткен жылдың көктемінде өзіміз тұратын Алдан Аюпов көшесінің үлкендері жиналып, басшылық тізгінін маған ұстатты. Аз-кем ойланып келісіп, бірігіп жұмыс жасауға кірісіп кеттім.
«WhatsApp» деген жақсы болды, көршілер тобын ашып жіберіп, желіде көшеге байланысты ойымыз бен жоба-жоспарларымызды ортаға салдық. Кеңесіп-келісіп жұмыс істеуге, көшенің кем-кетігін жөндеп, арық салу, тал егу, көшені кеңейту, түзеу, тағы басқа жұмыстарын бастап жібердік.
Кент басшылығымен тікелей бай­ланыс орнаттық. Тиісті мекемелер тұрғындардың тілеуін орындап, бетон қоршауларын, электр, байланыс жүйе­лерінің бағаналарын бірнеше жерден орындарын ауыстырып, көшеміз кең­ейіп, түзетілді.
Көп ұзамай көшеміз асфальттанып, жылдар бойы аңсаған арманымыз орындалды. Тақтайдай тегіс жолдың төселгеніне үй іші, бала-шағамызбен мәз-майрам болдық.
Халыққа қызмет етіп, қаражат бөлген аудан басшылығына, кент әкімі мен қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.
«Балапанды күзде сана» – деп атам қазақ қалай тауып айтқан дерсің. Көктемде асармен көшенің бойына егілген ағаштарымыз биыл жазда бір метрден, үш-төрт метрге дейін өсті.
Көшемізге қара мал жемейтін, оттегін бөліп, тез өсетін, һәм, шөлге төзімді ағаш түрін таңдап тауып отырғыздық. Бұл шындық.
Жоқтан бар жасап, жыртығымызды жамасақ та, келер жылы күзде Жаңақорған кентінің «Үлгілі көшесі» атануға ниеттіміз.

Үмбет АБИБУЛЛАЕВ

09 қыркүйек 2021 ж. 588 0