№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіне істеген жамандығың ұмыт

Біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіне істеген жамандығың ұмыт

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) былай деген: «Аллаһ Тағала Тәуратта Мұса ибн Имран пайғамбарға уахи (аян) етіпті: қателіктердің негізі үшеу: тәкаппарлық, қызғаныш, ашкөздік. Олардан алты нәрсе бөлініп шығып, барлығы тоғыз болады. Алтауы тойып тамақ ішу, ұйқы, ретсіз демалыс, мал-мүлікті жақсы көру, мақтау-мадақты жақсы көру, басшылықты жақсы көру».

Енді тәкаппарлық және кішіпейілділікке қатысты Пайғамбарымыздың (с.а.с) пікірін келтірейік.
Ғабдулла (р.а), (арабша Аллаһ разы болсын деген сөздің қысқаша жазылуы, бұдан әрі (р.а). Ғабдулла (р.а) Расулуллаһтан (с.а.с) «Жүрегінде тозаңның түйіріндей тәкаппарлығы бар адам ұжмаққа кірмейді», деп еді Пайғамбар (с.а.с). Сонда бір адам тұрып: Ей, Расулуллаһ (с.а.с) ер адам үстіндегі киім, аяқтағы кебісінің әдемі болуын қалайды ғой»,-деді. Сонда Расулуллаһ (с.а.с) Аллаһ Тағала өзі де сұлу, сұлулықты сүйеді. Тәкаппарлық дегеніміз: ақиқатқа қарсы шығу, адамдарды көзге ілмеу»,- деді.
Жәбир (р.а) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.а.с): Біреуге зұлымдық жасаудан сақтаныңыздар! Шын мәнінде, зұлымдық – қиямет күні (қаскүнем үшін тастай қара түнекке айналады. Сондықтан да бойларыңды аулақ ұстаңдар! Расында, сараңдық сендерге дейінгі қауымдардың түбіне жеткен – тін. Олар сараңдықтың салдарынан бір-бірінің қанын төгіп, өздеріне харам етілген күнә істерді адал деп есептеуге дейін барды – деп айтты» – делінген. Міне, көрдіңізбе, адамзаттың негізгі қателіктері мен қайғы-қасіретінің қалай, неден басталғанын.
«Құтты білік» дастанының авторы, ұлы ойшыл ақын Жүсіп Баласағұни: «Сен дүние-малға сұқтансаң, өлім саған сұқтанады», – деген.
Ендеше, тәкаппарлық тәрізді қызғанышта – адам баласы қателіктерінің, қайғы- қасіретінің негізі. Жүсіп бабамыз тағы бір жырында:
«Өлді ғой сенен басқа мыңдап адам – сабақты содан алар шындап адам», – деп жырлапты. Сондай-ақ жыраудың пікірінше, адамға жақсылық та, жамандық та – біәрі сөзден.
Шәлгез жырау Тіленшіұлы да былай толғаған:
«Жапалақ ұшпас жасыл тау,
Жақсылардың, өзі өлсе де, сөзі сау».
Ойлап тұрсам жаманның,
Жалаңдаған өз басына тілі жау», – деп толғаған.

Хакім Лұқпанның өсиеті
Хазіреті Лұқпанға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші ?» – деп өтініш жасапты. Хакім Лұқпан: «Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлдем жадынан шығару.
Қорғайтын нәрселер: Намазда көңілді, халық арасында тілді, жеп-ішуде тамақты, біреудің үйіне барғанда көзді. Ұмытпайтын екі нәрсе: Аллаһтың ұлылығы мен өлетін уақыт (ақтық дем). Ұмытатын екі нәрсе: Біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіңе істеген жамандығын ұмыт.
Ұмытатын екі нәрсе: Біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіне істеген жамандығың ұмыт.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге құлшынысты арттырады. Өзіңе істелген жамандықты ұмытпау кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осылар Пайғамбарлар ілімдерінен қорытындылағаным», – деп жауап берген екен.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тәрбиелі білім мен ұлт денсаулығы – біздің табысты болуымыздың негізі екендігі айрықша атап көрсетілген. Сонымен бірге Ұлт көшбасшысы Жолдауында жаратушыға деген кіршіксіз сеніммен мұсылмандықтың мәнін халыққа өте жақсы түсіндірген.
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз деді. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Сондықтан, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлеп, ата дәстүрін ардақтауы абзал.
Ел Президенті мұсылмандықтың мәнін, ұлт денсаулығының маңызын бұқараға өте жақсы түсіндіргені анық. Жолдаудағы осы айтылғандарға қарағанда, білім мен көркем мінез – ұлт денсаулығының негізі екенін түсінесіз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадистерінде:
«Аллаһ сұлу, сұлулықты жақсы көреді. Көркем мінез – Аллаһтың мінезі.
Ал, Аллаһтың ұлы мінезі – жұмсақтық, сабырлық, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген күнәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар», – деген.
Сондықтан, Жаратушымызға өмір бойы құлшылық етіп, сабырлықпен адал еңбектеніп, ұрлық қулықтан және жемқорлықтан аулақ болу – әр кісінің міндеті болмақ.
Мемлекет басшысы Жолдауында өте қатты ескертілгені – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Бұл, әсіресе, жаңа әлемдік тұрақсыздық жағдайында аса қатерлі. Ал, судың тым тапшылығы одан да қауіпті.
Әлем даналарының бірі Хакім Лұқпан 3500 жыл жасаған кәміл мұсылман, дана ғұлама әрі ғажайып емші болған Қасиетті Құранда Лұқпан сүресіне арналған тарау бар. Жаратушы Лұқпанға шүкіршілік етуі үшін даналық берген.
Хакім Лұқпанның өсиетінше, сырқаттанған кісіні жақсы ән-күймен де сәтті емдеп сауықтыруға болады.
Кімде-кім өмір бойы өзі-өзі жетілдіріп, жан мен тән тазалығын сақтаса, сол ғана сұлу, мінезі де көркем, Аллаһ та соны жарылқайды. Әлемнің, оның ішінде адамзаттың саулығы Аллаһтың қалауымен болатын құбылыс. Адам ұрпақтарының ежелгі арманы – көп жасау. Ал, көркем мінез – Аллаһтың ұлы мінезі. Сондықтан, кісі көркем мінезді.
Аллаһтан сұрауы керек. Өйткені, Аллаһ адамның жаратылысын көркем еткендей, оның мінез-құлқын да көркем етеді.
Сонымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Мәңгілік Ел» болу жолындағы жаңа дәуірлерге жол ашады. Бұл ұлы мақсатқа бастайтын Жолдауды әділеттілікпен, жақсы ниетпен қуаттап, елімізге насихаттау және жүзеге асыру – отандастардың аса маңызды міндеті болмақ.

Қалжан Төрежанұлы,
жоғары дәрежелі дәріскер.
11 маусым 2021 ж. 1 238 0