Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Күнәлар жасырылады, құлшылық қылайық

Күнәлар жасырылады, құлшылық қылайық

Бірде елді қуаңшылық жайлап, Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Аллаһтан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Аллаһ тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды.
Сонда Аллаһ тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Аллаһ тағала: «Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген екен.
Сондықтан ағайын, осындай қысыл-таяң уақытта Жаратқаннан елімізді жамандықтан сақтай гөр деп жадбарынайық. Қалғаны уақыт еншісінде...
23 наурыз 2020 ж. 880 0