Жолдау-2026: Еліміз қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру маңызды

Қазақстанда қалаларды қауіпсіз, жайлы әрі заманауи етіп дамытуға басымдық беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдіктерге қала инфрақұрылымын тиімді басқару және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөнінде міндеттер жүктеді.
Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз. Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс, - деп атап өтті Президент.


