Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Қара сөз оқудан сайыс

Қара сөз оқудан сайыс

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында көптеген мәдени, рухани шаралар өткізілуде. Карантин режиміне байланысты көбісі онлайн форматта, әсіресе оқушылар арасындағы сайыс, байқаулардың өскелең жас ұрпаққа берері мол. Бүгін сондай шараның куәсі болдық. "Асқарлы Абай әлемі" атты оқушылар арасында ақынның қара сөзін жатқа оқу сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қара сөздің қаймағын бұзбай, жүректен жүрекке жылы жеткізе білген оқушылардың озығы іріктеліп, жүлделер сарапқа салынды. Әділ төрешілердің төрелігімен "І дәрежелі диплом" Жандарбек Лаураға бұйырды.
Ал, "ІІ дәрежелі дипломға" Мұхамедқызы Інжу лайық деп танылса, "ІІІ дәрежелі диплом" Оразалы Ақниеттің қоржынына кетті. Қалған қатысушылар арнайы "Алғыс хатпен" марапатталды. М. Көкенов атындағы шығармашылық өнер ұжымының жетекшісі Уәли Ибрагимовтың ұйытқы болуымен өткен рухани кешке көрермендер жоғары бағасын берді.
26 қараша 2020 ж. 517 0