Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ата-ананың қадірі

Жетес үйінің жетінші баласы. Әке-шешесінің сүт кенжесі. Алпамсадай алты ағасы, алты жеңгесі бар алдында. Өсіп өнген әулет.
Былтыр ауылда ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізген. Балалары мен немерелерінің ортасында шат-шадыман күй кешкен әке-шешесінің бал-бұл жанған жүздері ойынан кетер емес.
Биыл көктемде ата-анасы араға апта салып екеуіде келмес сапарға кетті. Алты ағасы да ауылда тұрғандықтан, марқұмдардың жетісінде, қырқында ауылда берді. Жетес отбасымен қалада тұрғандықтан қара шаңырақтың тұтқасын кенже ағасы ұстап қалған.
Жүз шақырымды артта қалдырып әке-шешесінің жүзін беруге Жетес отбасымен бірге ауылға да жетті. Бар ойы мал шалып, ағайындарының басын қосып, тие берсін-деп әруақтарға құран бағыштау.
Бұрынғыдай күтіп алатын ата-анасының жоқтығы Жетестің жүрегіне қатты батты. Қора жақа барып, әкесі мінген күрең қасқаның сауырын сипап қайтты. Анасы айран пісетін күбінің сабын ұстап көп тұрды.
Балам келді-деп қазанға пісіретін анасының майлы бауырсағын сағынды. Бала-шағалы болсада келгенде әке-шешесіне қатты еркелейтін. Сол сағым күндерінің елесі Жетестің ойына оралып жанарынан төгілген жастан, көйлегінің жеңі ылғалданды.
Аға-жеңгелері кенже бала-деп Жетестің асты-үстіне түсіп елпектеп жатыр. Қанша елпектесе де ата-анаңдай болмайды екен-деді Жетес іштей.
“Алты ағаң болса да әкеңдей болмас, жеті жеңгең болса да, шешеңдей болмас”-деп әулие қазақ бекер айтпаған ғой деп ата-анасының төрде ілулі тұрған суреттеріне құран оқылып біткенше ұзақ қарады жетім Жетес.
МАҚСАТ СҚАҚОВ.















19 тамыз 2020 ж. 874 0