Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Күн мен түн

Күлімдеген күн сен қандай бақыттысың-деді түн. Арайлап атсаң болды әлемге шуақ шашасың. Сен қылаң берсең болды, дүние түрленіп қоя береді.
Күннің нұрынан қуат алған Жер-Ана гүлдерден қалы кілемдей құлпырып кетеді. Адам баласы әр күні бақыттан үмітті. Күннің нұрымен шағылысқан айдынның бетіне қонған аққу құс сыңсығанда жүрегіңді тербетеді.
Анасының құшағында күндей күлімдеген сәбидің күлкісі нендей ғажап. Күн сен адамзат баласы үшін үміт пен бақыттың өзегісің-деді түн түнеріп.
Ал мен болсам іңіртпін. Қараңғылық қоюланғаннан бастап адам баласының жүрегін үрей билейді. Түннің тілі, үкінің үнімен үндеседі. Жарға жабысқан жарқанаттың қанатындай қорқыныштымын.
Күн саған жұрт сеніммен қараса, маған үреймен қарайды-деп күрсінді түн.
Ол рас. Сені бекер жаратқан. Тәулік бойы төбеден шуағымды шашып тұрсам, адамдардың жүрегінде үрей де қорқынышта болмас еді-деді күн күлімдеп.
Адамдар жақсылықтан да тез жалығады.
Түн болмаса, күннің қадірі жоқ-деді түн түнеріп.
МАҚСАТ СҚАҚОВ.
19 тамыз 2020 ж. 539 0