№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Уақыттың құны


«Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат». Мұны ата-бабаларымыз ерте замандардан-ақ жіті түсініп, уақыттың қадірін дәріптеді. Оны «Қас-қағым сәт», «Көзді ашып-жұмғанша», «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» ұлағаты арқылы тануға болады...


Рас, уақыт негізгі валютаға айнала бастады. Оны ірі-ірі мегаполистің тұр­ғындары жақсы түсінеді. Онда таңер­теңнен белсенді қозғалыс керек-ақ. Болмаса жұмыстан жиі кешігесіз. Ал уақтылы жұмыс орнында болмасаңыз бәсекеге қабілетті бола алмайсыз. Күннің артын күн қуалап, уақыт зуылдап өтіп барады. Адамзат оны тоқтатудың айла-тәсілін әлі тапқан жоқ. Таба алмайды да...
...Кеше «Время» деген киноны көрдім. Фантастикалық сюжеттің өзін­дік тағылымы, өзіндік тәлімі бар.
Фильмде адамзат шексіз өмір сүрудің формасын тапқан. Онда 25 жастан жоғары егделену процесі тоқтайды. Ондағы басты құндылық, негізгі валюта – уақыт. Адам сол қолына қондырылған сағаттан қанша өмір сүретінін біледі. Уақыты тоқтағандар сағат сайын жан тапсырады. Мыңдаған сағаты бар бай-бағландардың уайым-қайғысы жоқ. Бірақ кедейлер тұратын қаланың адам­дарының әрбір секунды санаулы. Олар бәрін уақытқа сатып алады. Яғни ас-ауқат, көлікпен жүру, коммуналдық қызметтер және т.б. Санаулы минуты қалған адамдар банкке барып, уақытты кредитке сатып алады. Оның ақысын зауыттарға тегін жұмыс істеп айырады...
Қысқасы, киноның негізгі идеясы – уақыттың құндылығын насихаттайды...
Шынында, біз уақыттың қадірін қалай түсінеміз? Оны бағалай білеміз бе? Құнды уақытты неге жұмсаған дұрыс?
Бұл сұрақ карантин кезінде қатты ойланта бастады. Бағасы шексіз уақыт­ты неге жұмсап жүрміз? Бізге карантин кезінде осыған жауап тауып, өмір сүру құндылығын өзгерту керек-ақ. Әлем қатты дамып келеді. Қалай? Несімен? Әрине, ақыл-ой қуатымен дамуда.
Жалпы ғалымдар мен сарапшылар коронавирустан кейін әлем бұрынғыдай болмайды дегенді алға тартуда. Яғни адамзат өмір сүру қағидасын өзгертіп, уақыттың құндылығын дұрыс пайдалануға жұмсайтын болады.
Біз осыған дайынбыз ба? Бізге осы жөнінде ойлану керек секілді.
Ең болмаса, карантин кезіндегі бос уақытты пайдаланып кітап оқып, тіл үйренейік, өз-өзімізді дамытып жүрміз бе?
Ағайын, осы турасында ойлану керек секілді...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
21 шілде 2020 ж. 1 266 0