№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Гүл туралы қызықты деректер

Гүл туралы қызықты деректер

30 наурыз – гүлдер күні. Сұлулық символы ретінде қыздарға баланатын гүл әлемінің жұмбағы мен тылсымы көп. Осы сырлы әлем туралы көбірек білгіңіз келсе, біз ұсынған тың ақпараттарға көз жүгіртіңіз.


Интернет сөзін бүкіл әлем осылай атаса, біз ғаламтор дейміз. Сол секілді ботакөз гүлінің екінші атауы «Ұмытпас», әлемнің барлық тілінде осы мағынадағы атаумен аталады. Мысалы ағылшындар бұл гүлді forget-me-not деп атаса, немістер Vergissmeinnicht дейді. Әрі әр елде өзіндік аңызы бар. Солардың бірі: бір патша барлық өсімдікке атау беріп отырғанда, ботакөз гүлін ұмытып кетсе керек, сонда ол көзі жәудіреп: «Мені ұмытпаңыз!»,– деген екен. Оған патша: «Сенің атың солай болады, Ұмытпас», – депті.
Ал қазақтар оны күлтелері кішкене әрі көз секілді дөңгеленген сүйкімді боп келетіні үшін осылай атаса керек. Бал аралары гүлді тек хош иісіне қарай емес, түсіне қатысты да ажыратады. Барлық гүлге бірдей қона бермей, тек сары, күлгін, көк түсті тәрізді ең таңдаулыларына барады. Ал қызыл түсті гүлге мүлде қонбайды. Геологтар жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды оңай табуы үшін оларға кейде гүлдер көмектеседі. Жанаргүл (адонис) өсіп тұрған жерде әктас мол болады, ал шегіргүлдер (фиалка) мырышқа бай жерде өседі.  Өсімдік те тірі ағза. Гүл ауырып қалса, қызуы көтеріліп, тыныс алуы жиілейді. Таңғы сағат 3-4 шамасында желкек (козлобородник) және шашыратқы (цикория) гүлі ашылады, ал сағат 5-те көкнәр (мак) мен итмұрын (шиповник), таңғы сағат 6-да қабыршөп (барвинок), бақбақ (одуванчик), қоңыраугүл (колокольчик) гүл ашса, олардың ізін қуа сағат 8-ге таяғанда барқытгүл мен шырмауық оянады, ал сағат таңертеңгі 9-да қырмызыгүл ашылады. Ал жанаргүл, ұйқы гүлі, гүлзардақ түн мезгілінде ғана гүл ашады.
06 наурыз 2020 ж. 971 0