№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Раушан гүлі туралы қызықты 10 дерек

Раушан гүлі туралы қызықты 10 дерек

Раушан (роза) - әлемдегі ең әдемі гүлдердің бірі. Ол музыкаға, поэзияға және көптеген ұрпақтың махаббатына бөленген. Әлемде сыйланған раушан гүліне қарап, күлімдемейтін бірде-бір әйел жоқ шығар.  Ал енді гүлдердің патшайымынамен жақынырақ танысып көрейік.

1.    Раушан - АҚШ, Иран және Англияның ұлттық гүлі.
2.    Табиғи раушан майы - әлемдегі ең қымбат май. Ол алтын мен платинадан да бағалы. Ал бір келі раушан майын алу үшін үш тонна раушан күлтелері керек.
3.    Әулие Валентин күні әлемде ең көп раушан гүлі сатылады. Бұл күні 3 миллионнан аса раушан сатылады.
4.    Раушан гүлінің хош иісін үнемі иіскеп жүретін адам ақ пейілді және сабырлы болады. Себебі, гүлдің хош иісі адамның көңіл-күйін жақсартады.
5.    Шекспир өз туындыларында раушан гүлін 50-ден аса атап өткен. Оның құрметіне ортасы ерекше раушан сұрыптарының бірі аталған.
6.    Әлемдегі ең кішкентай раушан сұрыбы «Си» деп аталады. Оның үлкендігі күріш дәніндей ғана.
7.    Германиядағы Хильдесхейм соборында әлемдегі ең көне раушан гүлі өседі. Ол раушан бұталары тіпті, ғимараттың төбесіне дейін жеткен. Бұл раушанға шамамен 1000 жыл болған. Алайда, ол соғыс кезінде зақымдалды, бірақ сақталып  қалған тамырлар кейіннен тағы өскін берді. 1945 жылы бұталары қайтадан өсіп, әдемі гүлдермен жабылды.
8.    Жабайы раушан тұқымы – итмұрында лимоннан да көп С витамині бар. Оның қайнатпасы денсаулықты нығайтудың тиімді құралы болып табылады.
9.    Бұл таңғажайып гүл Ресейде алғаш рет XVI ғасырда пайда болды. I Петр патша кезінде бақшалар мен саябақтар раушан бұталарымен безендіріле бастады, ал II Екатерина билік еткен кезде раушан патша бағының патшайымы болды.
10.     Раушаннның «Хамелеон» деген ерекше  сұрыбы Жапонияда өсірілген. Ол раушанның күлтелері таңертең ашық қызыл түсті болса, кешке – ақ болады.
ДЕРЕККӨЗІ: stan.kz сайты.
15 ақпан 2019 ж. 1 485 0