№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қымыз бен шұбаттың пайдасы

Қымыз бен шұбаттың пайдасы



Қымыздың емдік қасиеттері жөнінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыстың медициналық журналдарында Н.Шванковскийдің, П.Скворцовтың, В.Дальдың бірнеше мақаласы басылған.
Орыс жазушылары Л.Н.Толстой Самара даласында, ал А.Н.Чехов Андреевск шипажайында қымызбен емделген.

Қымызбен емдейтін алғашқы шипажай 1858 жылы Самара қаласынан 6 шақырым жерде ашылды. Бұл шипажайды ұйымдастырушы Н.В. Постников оны 55 жыл бойы үздіксіз басқарды.

Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Оны дәрігер П.Н. Емельянов ашқан. Бурабай емханасы үшін қымызды қазақтар дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында қымызбен емдейтін үш губернияға (Уфа, Самара, Орынбор) жыл сайын қымызбен емделетін 10000-11000 адам барып отырды. Сөйтіп, қымызбен емдейтін 68 аурухана мен 75 қымыз пункті болған.
Шұбат түйе сүтінен ашытылады. Бұл – әрі сусын, әрі тағам. Өйткені биенің сүтіне қарағанда түйенің сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол.
Шұбат көбінесе торсықта немесе ағаш күбіде ашытылады. Торсықта немесе ағаш күбіде бір тәулік ішінде шұбат бабына келе бастайды. Торсықты көбінесе түйенің мойнағынан жасайды. Шұбат ашытуға ешкі терісі де пайдаланылады. Мұндай (торсық, мес, көнек) ыдыстардың тігісін шуда жүннен иірген жіппен тігеді.
Сабада бапталған қымыз секілді торсықта ашытқан шұбаттың хош иісі аңқып, ерекше дәмді келеді.
Шұбат – әрі тағам, әрі емдік қасиеті бар сусын. Қыр елінде қымыз бен шұбаттан жазылмайтын ауру кемде-кем дейді. Шұбат – өкпе, асқазан, түрлі ішек ауруларына бірден-бір шипалы сусын.

Б.Садықовтың кітабынан
13 ақпан 2020 ж. 1 151 0